Алматыда Орталық Азия электр энергетикалық үйлестіру кеңесінің 42-ші отырысында Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Ресейден келген энергетикалық ұйымдардың басшылары 2024 жылдың өткен кезеңіндегі Орталық Азия Біріккен энергожүйесінің (ОА БЭЖ) жұмыс қорытындыларын және алдағы 2024-2025 күзгі-қысқы кезеңде күтілетін жұмыс режимін талқылады. Тараптар тұрақты энергиямен жабдықтау және Орталық Азия мен Ресей энергожүйелерінің қатар жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі жоспарларға ерекше назар аударды.
Шараға қатысушылар келесі мәселелерді талқылады:
- энергия жүйелерінің параллель жұмысындағы режимдер
- апаттық өшірулердің алдын алу жөніндегі мәселелер
- жаңартылатын энергия көздерін электр желісіне интеграциялау перспективалары және оларды дұрыс пайдалану
- өңірлерде су ресурстарын ұтымды пайдалану.
KEGOC Жүйелік операторы делегациясының өкілдері жүктемелердің күзгі-қысқы кезеңінде және ағымдағы жылдың вегетациялық кезеңінде қазақстандық энергия жүйесі жұмысының нәтижелерін ұсынды. Сондай-ақ, тараптар 2024-2025 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңде Орталық Азия электр энергетикалық жүйесінде электрмен жабдықтаудың тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын талқылады.
ОА БЭЖ отырысының күн тәртібіне барлығы жеті мәселе қаралды. Олардың ішінде ОА ЭҮК-тің алдыңғы отырысында қабылданған шешімдердің орындалу нәтижелері, үйлестіру комиссиясының 2024 жылғы 2-жартыжылдыққа арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есеп, қатысушы елдерде өткен және көзделіп отырған реформаларды ескере отырып, ОА ЭҮК құжаттарына өзгерістер енгізу және басқа да ұйымдастыру мәселелері бар.
Сонымен қатар, үйлестіру комиссиясы Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің энергожүйелері арасындағы ақпараттық алмасуды кеңейту мәселелерін қарады.