«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «KEGOC» АҚ) (атқарушы органның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат) «KEGOC» АҚ Басқармасының 2025 жылғы 6 ақпандағы шешіміне (№ 3 хаттама) сәйкес «KEGOC» АҚ облигацияларын ұстаушылардың жалпы жиналысы отырыс өткізбей сырттай дауыс беру арқылы шақырылатыны туралы хабарлайды.
Облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысын шақырудың бастамашысы «KEGOC» АҚ Басқармасы болып табылады.
«KEGOC» АҚ облигацияларын ұстаушылардың жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар «KEGOC» АҚ облигацияларын ұстаушылар тізімін жасайтын күн – 2025 жылғы 5 наурыз 00 сағат 00 минут.
Сырттай дауыс беру үшін бюллетендерді ұсынудың соңғы күні – 2025 жылғы 5 наурыз, 10 сағат 00 минут.
Сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу күні – 2025 жылғы 11 наурыз, 10 сағат 01 минуттан- 14 сағат 30 минутқа дейін.
«KEGOC» АҚ облигацияларын ұстаушылардың жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар «KEGOC» АҚ облигацияларын ұстаушылардың тізімін жасағаннан кейін 2025 жылғы 5 наурыз 00 сағат 00 минуттағы жай-күй бойынша осы тізімге енгізілген тұлға «KEGOC» АҚ-ның өзіне тиесілі дауыс беруші акцияларын өз иелігінен айырған болса, онда Облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысына қатысу құқығы «KEGOC» АҚ облигацияларының жаңа ұстаушысына ауысады. Бұл жағдайда «KEGOC» АҚ облигацияларының жаңа ұстаушысы «KEGOC» АҚ облигацияларға меншік құқығын растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс
«KEGOC» АҚ облигацияларын ұстаушылардың жалпы жиналысының күн тәртібі:
«KEGOC» АҚ екінші облигациялық бағдарламасы облигацияларының екінші шығарылымы проспектісіне өзгерістер енгізу туралы».
«KEGOC» АҚ облигацияларын ұстаушылар «KEGOC» АҚ облигацияларын ұстаушылардың жалпы жиналысының күн тәртібі мәселелері жөніндегі материалдармен 2025 жылғы 17 ақпаннан бастап «KEGOC» АҚ-ның www.kegoc.kz корпоративтік веб-сайтындағы «Инвесторлар мен акционерлерге» - «Ақпаратты ашу» - «Облигация ұстаушылардың жалпы жиналыстары» бөлімінен немесе демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 09.00-ден бастап 18.00-ге дейінгі уақытта Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 59-ғимарат мекенжайында таныса аласыздар.
Сырттай дауыс беруді өткізу тәртібі мен рәсімі:
- сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге жеке тұлға болып табылатын облигацияларды ұстаушы жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсете отырып, қол қоюы тиіс. Бюллетеньге қол қоюға міндетті тұлға қол қоя алмаған жағдайда, бюллетеньге оған берілген сенімхат негізінде оның өкілі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе шартқа сәйкес облигацияларды ұстаушының атынан сенімхатсыз әрекет етуге немесе оның мүдделерін білдіруге құқығы бар тұлға қол қояды;
- заңды тұлға болып табылатын облигацияларды ұстаушының сырттай дауыс беруіне арналған бюллетеньге оның басшысы (немесе оны алмастырушы тұлға) қол қоюы және заңды тұлғаның мөрімен (болған жағдайда) куәландыруы тиіс. Бюллетеньге қол қоюға міндетті тұлға қол қоя алмаған жағдайда, бюллетеньге оған берілген сенімхат негізінде оның өкілі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе шартқа сәйкес облигацияларды ұстаушының атынан сенімхатсыз әрекет етуге немесе оның мүдделерін білдіруге құқығы бар тұлға қол қояды. Егер сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге облигацияларды ұстаушының басшысы қол қоймаса, қол қойылған бюллетеньмен бірге қол қойған тұлғаның өкілеттігін куәландыратын құжаттар ұсынылады;
- өз өкілеттігін растамаған облигацияларды ұстаушының өкілі қол қойған, сонымен қатар облигацияларды ұстаушының шешімін бюллетеньде айқындау мүмкін болмайтындай етіп толтырылған, жеке тұлға болып табылатын облигацияларды ұстаушының немесе заңды тұлға болып табылатын облигацияларды ұстаушының басшысының қолы қойылмаған, заңды тұлғаның мөрі (болған жағдайда) басылмаған бюллетень жарамсыз деп есептеледі;
- егер облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысын сырттай дауыс беру арқылы өткізу кезінде тиісінше толтырылған бюллетеньдер барлық облигацияларды ұстаушылардан дауыстарды есептеудің белгіленген күнінен бұрын келіп түссе, онда дауыстарды ертерек күнмен санауға жол беріледі, бұл дауыс беру қорытындылары туралы хаттамада көрсетіледі;
- бюллетеньде дауыс беру нұсқаларының бірі белгіленуі тиіс.
Сырттай дауыс беруге арналған бюллетень Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат мекенжайында орналасқан «KEGOC» АҚ-ның кеңсесіне 2025 жылғы 11 наурыз 10 сағат 00 минутқа дейін почта (kegoc@kegoc.kz) арқылы немесе қолма қол жеткізілуі тиіс.
«KEGOC» АҚ облигацияларын ұстаушылардың жалпы жиналысын өткізу тәртібі бойынша басқа да мәселелер «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңында, «KEGOC» АҚ Жарғысы мен «KEGOC» АҚ облигация ұстаушыларының жалпы жиналысы туралы» ережеде белгіленген.
«KEGOC» АҚ облигацияларын ұстаушылардың жалпы жиналысы «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өткізіледі.
Материалдар бойынша, сонымен қатар «KEGOC» АҚ облигацияларын ұстаушылардың жалпы жиналысын өткізу бойынша сауалдарға демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 09-00-ден сағат 18-00-ге дейін +7 (7172) 690 491, 690 433 телефондарына хабарласу арқылы немесе «KEGOC» АҚ www.kegoc.kz веб-сайтындағы «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының блогына сауал жолдау арқылы жауап алуға болады.