Баспасөз хабарламалары

Маңғыстау облысының әкімі мен KEGOC басшысы өңірдің энергетикалық инфрақұрылымын дамыту мәселелерін талқылады

Маңғыстау облысының әкімі мен KEGOC басшысы өңірдің энергетикалық инфрақұрылымын дамыту мәселелерін талқылады

2025 жылғы 16 мамыр                                                                      Ақтау қаласы                                                                          

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай мен «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Нәби Айтжанов Ақтау қаласында жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу барысында облысты тұрақты энергиямен жабдықтауға және энергетикалық әлеуетін арттыруға бағытталған стратегиялық бастамаларға ерекше назар аударылды.

Нәби Айтжанов KEGOC тарапынан еліміздің батыс өңірін сенімді электрмен жабдықтауды арттыру үшін қабылданатын шаралар туралы толық баяндады. Қазақстан Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Батыс аймағының электр желілерін күшейту жобасы аяқталды. Оның нәтижесінде желілердің өткізу қабілеті екі есе артты. Қазіргі уақытта Батыс Қазақстанның энергетикалық жүйесін еліміздің Біртұтас электр энергетикалық жүйесімен біріктіру жобасы жүзеге асырылып жатыр. Аталған жоба аясында 2027 жылға дейін ұзындығы шамамен 600 км болатын 500 кВ кернеулі «Қарабатан ТП – Өлке ҚС» электр жеткізу желісін салу жоспарланған.

KEGOC орта және ұзақ мерзімді перспективада іске асырылған бастамалардың әсерін бекітуге және өңірдің энергия жүйесінің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге арналған бірқатар ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр. Соның ішінде 500 кВ кернеулі «Қарабатан – Бейнеу – Маңғыстау» желісін салу және «Ақтау – Баку» суасты кабель желісін салу жобасы бар.

Бұл бастамалар батыс өңірлер мен еліміздің Біртұтас энергетикалық жүйесі арасындағы байланысты нығайтуға, жаңартылатын энергия көздерін интеграциялауға, Орталық Азия мен Кавказ бағыты бойынша транзиттік әлеуетті арттыруға, сондай-ақ Еуропаға «жасыл» электр энергиясын экспорттауға бағытталған.

Жобаларды жүзеге асыру энергиямен жабдықтау сенімділігін, жүктемені басқару икемділігін және жалпы энергетикалық жүйенің тұрақтылығын айтарлықтай арттырады.

Анықтама:​

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің жүйелік операторының функцияларын орындайды, Ұлттық электр торабының (ҰЭТ) активтерін иеленеді және басқарады. Негізгі қызмет түрлері табиғи монополия саласына жатады. Компанияның балансында ұзындығы шамамен 28 мың км, кернеуі 220-1150 кВ электр беру желілері және ҰЭТ құрайтын 38,9 ГВА трансформаторлардың белгіленген қуаты бар 83 электр қосалқы станциялары бар. Компания туралы толығырақ ақпарат корпоративтік интернет-ресурста орналастырылған: www.kegoc.kz.

 


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс