Баспасөз хабарламалары

Moody’s KEGOC-тің рейтингін «Тұрақты» болжамымен «Baa1» деңгейінде растады

2025 жылғы 21 мамыр                                                                              Астана қ.

Moody’s халықаралық рейтингтік агенттігі «KEGOC» АҚ ұзақ мерзімді рейтингін «Тұрақты» болжамымен «Bаа1» деңгейінде растады. Компанияның рейтингі Қазақстан Республикасы Үкіметінің егеменді рейтингімен бірдей деңгейде.

2025 жылғы 20 мамырда жарияланған талдамалық есепте Moody ' s «KEGOC» АҚ тұрақты қаржылық бейінді сақтайтынын атап өтті. Ол қолайлы тарифтік реттеу, тарихи консервативті қаржы саясаты, икемді инвестициялық бағдарлама, сондай-ақ ұлттық электр торабының негізгі инфрақұрылымының операторы мәртебесін қоса алғанда, бірқатар факторлармен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, 2023 жылғы шілдеде енгізілген жаңа нарық моделі KEGOC позициясын нығайтты және оның қызметінің табыстылығын арттырып,  компанияның инвестициялық тартымдылығына оң әсер етті.

Рейтингтік агенттіктің түсіндірмесіне сілтеме: https://www.moodys.com/research/Moodys-Ratings-announces-completion-of-a-periodic-review-of-ratings-Announcement-of-Periodic-Review--PR_506926



Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс