Баспасөз хабарламалары

Астанада Орталық Азия Электр энергетикалық үйлестіру кеңесінің 43-ші мерейтойлық отырысы өтті: күзгі-қысқы кезеңнің қорытындылары шығарылып, негізгі шешімдер келісілді

Астанада Орталық Азия Элекстр энергетикалық үйлестіру кеңесінің 43-ші отырысы өтті. Биыл ұйымның құрылғанына 20 жыл толып отыр. Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Ресей елдерінің жүйелік операторлары мен тиісті салалық құрылымдардың өкілдері қатысты.

Бұл отырыс өңірлік біртұтас энергетикалық жүйенің жұмысы, 2024–2025 жылдардың күзгі-қысқы кезеңін өткізу қорытындылары мен алдағы вегетациялық кезеңге қатысты техникалық және ұйымдастырушылық шешімдерді келісу үшін маңызды алаң болды.

Өткен жылғы күзгі-қысқы кезеңде жоғары жүктеме жағдайында Орталық Азияның Бірлескен энергетикалық жүйесі жақсы жұмыс атқарды. Су-энергетикалық теңгерімнің тиімді жүзеге асырылуы гидроресурстарды ұтымды пайдалануға, жүктеме жоғары кезеңдерде қажетті көлемде электр энергиясын өндіруге және вегетациялық кезеңге су қорын жинауға мүмкіндік берді. Бұл – өңірдегі ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін аса маңызды.

Отырысқа қатысушылар энергетикалық жүйелердің жұмысын реттейтін нормативтік құжаттар мен әдістемелік материалдарды жаңартуды қамтитын техникалық және әдістемелік бастамалар топтамасын бірауыздан қолдады. Энергожүйені цифрландыру және нормативтік базаны үйлестіру мәселелеріне де ерекше назар аударылды.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс