Баспасөз хабарламалары

Екібастұз энергия торабындағы авариялық ажырату: толық ақпарат пен қолға алынған шаралар жайында

2025 жылғы 19 маусым күні сағат 16:44-те ауа райының қолайсыздығына байланысты Екібастұз энергия торабында 500 кВ электр жеткізу желісі авариялық жағдайда ажыратылды.

Аварияға қарсы автоматиканың іске қосылуы салдарынан шамамен 800 мегаватт көлемінде электр қуатына шектеу енгізілді.

Қазіргі уақытта мамандар 500 кВ желісін қайта қосу және энергия жүйесін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Желіні толық қалпына келтіру уақыты шамамен 1,5-2 сағатты құрайды.

Жөндеу жұмыстары аяқталған соң қосымша ақпарат ұсыналады. 


Жедел желі

Кері байланыс