Екібастұз энергия торабындағы жұмыс қалпына келтірілді
2025 жылғы 19 маусымда орын алған авариялық ажыратудан кейін Екібастұз энергия торабындағы 500 кВ әуе желісі арқылы электрмен жабдықтау схемасы толық қалпына келтірілді.
Электр жеткізу желілеріндегі авария салдары жойылды. Мамандардың жедел әрекет етіп, энергия жүйесінің тұрақты жұмысын қалпына келтірді. Бұл ретте Қазақстан БЭЖ-інің Оңтүстік аймағы мен Орталық Азияның БӘЖ-іне аварияның салдарын барынша азайтты.
Сағат 19:08-де Қазақстанның Солтүстік және Оңтүстік аймақтарының параллельді жұмысы қалпына келтіріліп, тұтынушыларға енгізілген шектеулерді алып тастау жұмыстары басталды.