Баспасөз хабарламалары

«KEGOC» АҚ Трансформация жобаларының жаңартылған портфелі бекітілді

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысында Бизнесті трансформациялау бағдарламасы жобаларының жаңартылған портфелі бекітілді. Бұл құжаттың ағымдағы жылы екінші рет түзетілуі.

Бұдан бұрын 18 тамызда компанияда Жобалардың жаңартылған портфелі қабылданып, оған «SCADA/EMS диспетчерлік басқару және деректерді жинау жүйесін жаңғырту», «Қосалқы станцияларды мониторингілеу және басқару жүйелерін жаңғырту», «Электрондық құжат айналымы жүйесін ауыстыру» сияқты жаңа ірі цифрлық жобалар, сонымен қатар «Өндірістік процестерде деректер талдауын пайдалану бойынша зерттеу жұмыстары» және «HSE саласындағы бизнес-процестерді талдау» іс-шаралары енді. 

«Самұрық-Қазына» АҚ Жаңғырту жөніндегі кеңесінің 26 тамыздағы отырысында жаңа бастамалар және жобаларды іріктеудің жаңартылған өлшемшарттары ұсынылды. Негізгі өзгерістер портфелдерді қалыптастырудағы әдістерге қатысты болды, атап айтқанда қазір қысқа мерзімде аз қаржы салымдарымен жоғары пайда алуға ерекше назар аударылады. 

Бұл Компания бастамаларын «KEGOC» АҚ Бизнесті трансформациялау бағдарламасының шығындарын қысқарту және көрсеткіштерін жақсарту мақсатында қайта қараудың себебі болды. Қайта қарау нәтижесінде бірнеше жобаларды Трансформациялау бағдарламасының периметрінен операциялық қызметке ауыстыру туралы шешім қабылданды. 

«KEGOC» АҚ Бизнесті трансформациялау бағдарламасының Жобалар портфелі

Бастама

Іске асырылу нысаны

Код

Атауы

Технологиялық даму және бизнесті цифрландыру

Жоба

KEG.03.01.P

БЭЖ жұмысы режимдерін басқарудың аварияға қарсы және режимдік автоматикасының орталықтандырылған жүйесін ендіру

Жоба

KEG.03.02.P

Синхрофазорлық технологиялар (WAMS/WACS) негізінде мониторингілеу және басқару жүйесін ендіру

АТ функцияларының тиімділігін арттыру

Іс-шара

KEG.06.02.М

АТ шығындарын қысқарту

Қор тобының Киберқалқанын іске асыру

Жоба

KEG.07.01.P

Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету

Деректерді талдау есебінен операциялық тиімділікті арттыру

Іс -шара

KEG.09.01.М

Компания деректерінің архитектурасын әзірлеу

Іс -шара

KEG.09.02.М

Өндірістік процестерде деректердің талдауын қолдану бойынша зерттеу жұмыстары

HSE тиімділігін арттыру

Іс -шара

KEG.10.01.М

HSE саласындағы бизнес-процестерді автоматтандыру

Жобалық әдісті және өзгерістерді басқаруды ендіру

Іс -шара

KEG.11.1.М.

Жобалық және портфелдік басқаруды жаңғырту

Мәдениетті трансформациялау

Іс -шара

KEG.02.01.М

Тиімді кадрлық әлеуетті қалыптастыру

«Жазғы» портфельге енген жаңа жобалармен (SCADA/EMS, МжәнеБЖ, электрондық құжат айналымы) қоса операциялық деңгейге Бизнесті трансформациялау бағдарламасының «Автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесін ендіру» және «Деректерді жеткізу үшін талшықты-оптикалық байланыс желілерін дамыту» сияқты  ағымдағы жобалары шығарылды. 

Бірқатар шығынды жобаларды бизнеске шығарудың нәтижесінде Компанияның трансформациялау бағдарламасының көрсеткіштерін жақсарту мүмкіндігі пайда болды. Осылайша, 2028 жылға дейін Жаңартылған портфельдің бастамаларын ендіруден түсетін таза пайда  жобалардың алдыңғы құрамындағы 983 млн. тг-ге қарсы 5 143 млн. тг көлемінде болжанады. 

Сонымен қатар отырыста қазіргі уақытта зерттеу жұмыстары бойынша іске асырылып жатқан іс-шаралар болашақта толыққанды жобаларға айналуы мүмкін екені және осылайша 2024 жылға дейінгі кезеңде Бизнесті трансформациялау бағдарламасын іске асырудан түсетін пайданың артатыны  атап өтілді.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс