Баспасөз хабарламалары

«KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өткізілетіні туралы хабарлама

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «KEGOC» АҚ) (атқарушы органның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат) «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 19 наурыздағы шешіміне (№ 3 хаттама) сәйкес «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы аралас дауыс беру нысанын қолдана отырып шақырылатыны туралы хабарлайды.

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысын шақырудың бастамашысы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі болып табылады. 

Акционерлердің жалпы жиналысы Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат мекенжайы бойынша акт залында 2021 жылғы 27 сәуірде 11 сағат 30 минутта өткізіледі. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу 2021 жылғы 27 сәуірде 9 сағат 30 минуттан бастап 11 сағат 00 минутқа дейін жүргізіледі.  

Кворум болмаған жағдайда Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы 2021 жылғы 28 сәуірде 11 сағат 30 минутта жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша қайтадан өткізіледі. Акционерлердің кезектен тыс қайталама жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу 2021 жылғы 28 сәуірде 9 сағат 30 минуттан бастап 11 сағат 00 минутқа дейін жүргізіледі.  

Сырттай дауыс беру үшін бюллетендерді ұсынудың басталатын күні – 2021 жылғы 18 сәуір.

Сырттай дауыс беру үшін бюллетендерді ұсынудың соңғы күні – 2021 жылғы 27 сәуір.

Сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу күні – 2021 жылғы 27 сәуір.

Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлер тізімін жасайтын күн – 2021 жылғы 22 сәуір.

Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі жасалғаннан кейін осы тізімге енгізілген тұлға «KEGOC» АҚ-ның өзіне тиесілі дауыс беруші акцияларын иелігінен айырған болса, онда Акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге ауысады. Бұл жағдайда жаңа акционер акцияларға иелік ету құқығын растайтын құжатты ұсынуы тиіс. 

Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі:

  • «KEGOC» АҚ  2020 жылғы жылдық қаржылық есептемесін, таза кірісті бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және «KEGOC» АҚ бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшерін бекіту туралы»;  
  • «KEGOC» АҚ  Директорлар кеңесінің сандық құрамын, уәкілеттік мерзімін белгілеу, оның мүшелері мен төрағасын сайлау, сонымен қатар «KEGOC» АҚ  Директорлар кеңесінің мүшлеріне өз міндеттерін орындағаны үшін сыйлықақы төлеу және шығындарын өтеу мөлшері мен шарттарын белгілеу туралы;
  • акционерлердің «KEGOC» АҚ және оның лауазымдық тұлғаларының әрекеттеріне қатысты өтініштері және оларды қарау нәтижелері.

Акционерлер Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен 2021 жылғы 17 сәуірден бастап «KEGOC» АҚ-ның www.kegoc.kz корпоративтік веб-сайтындағы «Инвесторлар мен акционерлерге» - «Ақпаратты ашу» - «Жалпы жиналыстар» - «2021» бөлімінде таныса алады.   

Сырттай дауыс беруді өткізу тәртібі мен рәсімі:

  • бюллетенді сырттай дауыс беруге жіберу арқылы дауыс беретін акционерлер сырттай дауыс беру үшін тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда) /заңды тұлғаның атауын, дауыс беруші акциялардың санын көрсетуі және дауыс беру нұсқаларының бірін таңдауы тиіс;
  • сырттай дауыс беруге арналған бюллетенге жеке тұлға болып табылатын акционер (акционердің – жеке тұлғаның өкілі) жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсете отырып, қол қоюы тиіс;
  • сырттай дауыс беруге арналған бюллетень «KEGOC» АҚ корпоративтік сайтындағы «Инвесторлар мен акционерлерге»/«Ақпаратты ашу»/«Жалпы жиналыстар»/ «2021» бөлімінде орналастырылған;
  • заңды тұлға болып табылатын акционердің сырттай дауыс беруіне арналған бюллетенге оның басшысы (немесе оны алмастырушы тұлға) қол қоюы және заңды тұлғаның мөрімен (болған жағдайда) куәландыруы тиіс. Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге акционердің өкілі қол қойған жағдайда, сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге акционер өкілінің өкілеттігін растайтын сенімхаттың немесе өзге де құжаттың көшірмесі қоса беріледі;
  • жеке тұлға болып табылатын акционердің немесе заңды тұлға болып табылатын акционердің басшысының (немесе оны алмастырушы тұлғаның) қолы қойылмаған, сонымен қатар заңды тұлғаның мөрі (болған жағдайда) басылмаған бюллетень жарамсыз болып есептеледі;
  • бюллетеньде дауыс беру нұсқаларының бірі белгіленуі тиіс
  • сырттай дауыс беруге арналған бюллетень  2021 жылғы сәуірдің 17-сінен бастап 27-сін қоса алғанда  почта арқылы (kegoc@kegoc.kz) немесе Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат мекенжайында орналасқан «KEGOC» АҚ-ның кеңсесіне қолма қол жеткізілуі тиіс.

Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу тәртібі бойынша басқа да мәселелер «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңында, «KEGOC» АҚ Жарғысы мен «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысы туралы ережеде белгіленген.  

Жиналыс «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 35-52-баптарына сәйкес өткізіледі.

Материалдар бойынша, сонымен қатар Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу бойынша сұрақтарға жұмыс уақытында +7 (7172) 690 298, 690 297 телефондарына хабарласу арқылы немесе «KEGOC» АҚ www.kegoc.kz веб-сайтындағы «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының блогына сауал жолдау арқылы жауап алуға болады. 


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс