Баспасөз хабарламалары

26 сәуірде «KEGOC» АҚ стейкхолдерлермен онлайн кездесу өткізеді

2021 жылғы 26 сәуірде «KEGOC» АҚ «Эмитент күні» жобасы аясында Қазақстан қор биржасының (KASE) алаңында инвесторлармен, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен және БАҚ өкілдерімен онлайн кездесу өткізеді.

Кездесу барысында «KEGOC» АҚ Қаржы және есепке алу жөніндегі басқарушы директоры А.Т. Ботабеков компанияның 2020 жылғы өндірістік-қаржылық қызметінің қорытындысын шығарады, сондай-ақ ұйым жоспарлап отырған перспективалық жобалар туралы ақпарат береді.

Іс-шара астана уақытымен 11:30- да басталады.

Іс-шараға қатысу үшін https://bit.ly/3uFl0Pg сілтеме бойынша тіркелу немесе customers@kase.kz электрондық поштасына  мәліметтерді жіберу (тегі, аты және әкесінің аты,лауазымы, электрондық пошта мекенжайы) қажет. Барлық тіркелген қатысушыларға ZOOM-да онлайн кездесуге сілтеме (шақыру) жіберіледі.

Сауалдарыңызды customers@kase.kz электрондық поштасына алдын-ала жіберу қажет. 


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс