Баспасөз хабарламалары

«KEGOC» АҚ қызметкерлері COVID – 19-ға қарсы вакцина қабылдады

2021 жылғы 23 сәуірде «KEGOC» АҚ-да коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі іс-шаралар шеңберінде қызметкерлерге вакцинация жүргізілді.

Аталмыш рәсімді бірінші болып Басқарма төрағасы Б.Т. Қажиев қабылдады.

COVID – 19-ға қарсы екпе ретінде Sputnik V «Гам-КОВИД-Вак» вакцинасы қолданылды.

Адамдардың жаппай жиналуын болдырмау мақсатында қызметкерлерді вакцинациялау кестесі жасалды, сонымен қатар барлық қауіпсіздік шаралары сақталды.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс