Баспасөз хабарламалары

Компания ұжымы жалпықалалық сенбілікке қатысты

2021 жылғы 24 сәуірде «KEGOC» АҚ Нұр-Сұлтан қаласының жалпы қалалық сенбілігіне қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш шараның басты мақсаты еліміздің басты қаласында тазалықты сақтау және қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін қалыптастыру болып отыр. 

Компания қызметкерлері «Нұр-Сұлтан – Қарағанды» тас жолы бойынан бөлінген аумақты қоқыстан тазалады. Барлық жиналған қоқыс арнайы техникамен шығарылатын орынға жиналды. 

Сонымен қатар, атқарушы дирекция қызметкерлерінің бір бөлігі «KEGOC» АҚ орталық кеңсесінің айналасын абаттандыру жұмыстарына қатысты. 


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс