Баспасөз хабарламалары

KASE алаңында «KEGOC» АҚ Эмитент күні өтті

2021 жылғы 26 сәуірде «KEGOC» АҚ «Қазақстан қор биржасы» АҚ-мен (KASE) бірлесе отырып, бейнеконференция форматында «Эмитент күнін» өткізді. 

Аталған іс-шара шеңберінде «KEGOC» АҚ-ның Басқарма мүшесі, Қаржы және есепке алу жөніндегі басқарушы директоры Айбек Төлеубекұлы Ботабеков Компания қызметінің 2020 жылғы қорытындылары туралы баяндады. 

Бейнеконференция барысында қатысушылар пандемия кезеңіндегі компанияның қаржылық жағдайы және оның әсері, 2020 жылдың қорытындылары бойынша болжалды дивидендтер, 2021-2025 жылдарға арналған реттелетін қызметтерге тарифтерді бекіту жайында, сондай-ақ KEGOC-тың перспективалық жоспарлары мен алдағы уақыттардағы жаңа инвестициялық жобаларына қатысты сұрақтар қойды.

Сонымен қатар, кездесу қатысушылары жасыл облигациялар шығарылымына және өндіруші қуаттар құрылысының болжамына қызығушылық білдірді.

Бейнеконференцияның қорытынды бөлімінде «KEGOC» АҚ басшылығы қойылған сұрақтардың барлығына жауап берді.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс