Баспасөз хабарламалары

«KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының қорытындылары туралы

2021 жылғы 27 сәуірде «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтті. Жиында 2020 жылғы жылдық қаржылық есебі бекітілді, компанияның шоғырландырылған таза кірісі 53,5 млрд теңгені құрады. 

 Акционерлер «KEGOC» АҚ-ның 2020 жылғы таза кірісінің 74%-ын дивидендтер төлеуге жіберу туралы шешім қабылдады (шоғырландырылмаған пайданың 90%-ы). Осыған байланысты бөлінетін дивидендтердің қорытынды  сомасы (2020 жылғы бірінші жартыжылдық нәтижелері бойынша төленген дивидендтерді шегергенде) «KEGOC» АҚ жай акцияларының барлық ұстаушыларына 19,5 млрд теңгені немесе бір жай акцияға есептегенде 75,01 теңгені құрайды. 13,9 млрд теңге көлеміндегі қалған  сома бойынша («KEGOC» АҚ-ның 2020 жылғы таза кірісінің 26%-ы) акционерлер «KEGOC» АҚ иелігінде қалдыру және дамуға бағыттау туралы шешім қабылдады. 

2020 жыл қорытындылары бойынша  «KEGOC» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер алуға құқығы бар «KEGOC» АҚ акционерлерінің тізімі 2021 жылғы 11 мамыр 00 сағат 00 минуттағы жай-күй бойынша тіркелетін болады. Дивидендтер төлеу басталатын күн – 2021 жылғы 12 мамыр. 

Акционерлердің жалпы жиналысы барысында «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды:

Молдабаев Қаныш Тәңірбергенұлы – Қор мүдделерінің өкілі, «Самұрық-Қазына» АҚ Энергетикалық және тау-кен активтері      дирекциясының директоры;

Тиесов Сүйіншілік Әмірхамзаұлы – «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерін білдіруші өкілі;

Егімбаева Жанна Дачерқызы – «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерін білдіруші өкілі;

Аханзарипов Нұрлан Заманбекұлы – тәуелсіз директор;

Бекенов Жанбота Темірғалиұлы – тәуелсіз директор; 

Қажиев Бақытжан Төлеуқажыұлы – «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып Қ.Т. Молдабаев тағайындалды.

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамының уәкілеттік мерзімі 3 (үш) жыл болып белгіленді. 


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс