Баспасөз хабарламалары

«KEGOC» АҚ қызметкерлерінің 40% – дан астамы COVID-19-ға қарсы вакцинацияланды

2021 жылғы 14 мамырда «KEGOC» АҚ қызметкерлері «Гам-КОВИД-Вак» Sputnik V вакцинасының екінші компонентімен вакцинацияланды (алғашқы вакцинациялау 2021 жылдың 23 сәуірінде өтті). Екпе алғандардың қатарында Басқарма төрағасы Б. Т. Қажиев және басқа да топ-менеджерлер бар.

Адамдардың жаппай жиналуын болдырмау үшін құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерін вакцинациялау кестесі жасалды, сонымен қатар қызметкерлерге қауіпсіздік шараларын және әлеуметтік қашықтықты сақтау қажеттілігі түсіндірілді.

Қазіргі уақытта «KEGOC» АҚ қызметкерлерінің 40% - дан астамы вакцинацияланды.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс