Баспасөз хабарламалары

«KEGOC» АҚ жай акцияларына 2020 жылғы бірінші жарты жылдық қорытындылары бойынша дивидендтер төленгенін хабарлайды

«KEGOC» АҚ 2020 жылғы 30 қазанда «KEGOC» АҚ жай акцияларына 2020 жылғы бірінші жарты жылдық қорытындылары бойынша дивидендтер төленгенін хабарлайды. 

  1. «KEGOC» АҚ жай акцияларына 2020 жылғы бірінші жарты жылдықтағы қызмет қорытындылары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімді «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы 2020 жылғы 23 қазанда (№ 19 хаттама) қабылдады.

  2. Дивидендтер төленетін кезең – 2020 жылғы қаңтардың 1-інен бастап маусымның 30-ын қоса алғанда. 

  3. Бір жай акцияға есептегенде дивиденд мөлшері – 77,09 (жетпіс жеті) теңге 09 тиын.

  4. «KEGOC» АҚ акционерлеріне дивидендтер түрінде төленген қаражаттың жалпы сомасы - 20 043 292 844,90 (жиырма миллиард қырық үш миллион екі жүз тоқсан екі мың сегіз жүз қырық төрт теңге 90 тиын).

  5. «KEGOC» АҚ жай акциялары бойынша 2020 жылғы бірінші жарты жылдық қорытындылары бойынша дивидендтер алуға құқығы бар «KEGOC» АҚ акционерлерінің тізімі 2020 жылғы 29 қазандағы жай-күй бойынша тіркелді. 


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс