Баспасөз хабарламалары

Ауа райының қолайсыздығы Қазақстанның оңтүстігіндегі электр жеткізу желісінің ажыратылуына себеп болды

2021 жылғы наурыздың 16 күні астана уақытымен 21:43-те ауа райының қолайсыздығы салдарынан 220 кВ «Қаратау-Опорная» әуе желісі (ӘЖ) ажыратылды. Осы уақытта Байқоңырэнерго ГПП-1 қосалқы станциясында автоматика қысымының әсерінен «Жезқазған-Қызылорда» транзитінің 220 кВ ӘЖ ажыратылды, бұл тұтынушылардың қысқа мерзімді ажыратылуына әкелді. 

«KEGOC» АҚ персоналы жедел тәртіпте технологиялық бұзушылықты жою бойынша жұмыстар жүргізді.

Сағат 23:16-да ажыратылған қосалқы станцияларға кернеу берілді. 

17 наурыз күні сағат 09:49-да бастапқы кесте қалпына келтірілді. 

Қазіргі уақытта барлық жабдықтар штаттық режимде жұмыс істеп тұр, «KEGOC» АҚ тарапынан шектеулер жоқ.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс