Инвестициялық жобалар

Сұрыптау:

«KEGOC» АҚ «Ақтөбе ЖЭТ», «Батыс ЖЭТ» және «Сарыбай ЖЭТ» филиалдарының 220-500кВ ӘЖ-сін реконструкциялау. «KEGOC» АҚ филиалдарының 220-500 кВ ӘЖ-сін қайта құру жобасының I кезеңі.


Жобаны іске асыру мерзімі: 2018-2023жж.

Жобаның құны: ҚҚС-ны есепке алғанда 48,176 млрд. теңге.

Жобаны қаржыландыру көздері: ҚҚС-ны есепке алғанда қарыз қаражат – 32,739 млрд. теңге, меншікті қаражат – 15,437 млрд. теңге.

Іске асыру орны: Батыс Қазақстан , Ақтөбе және Қостанай облыстары.

Жобаның сипаты: «KEGOC» АҚ «Ақтөбе ЖЭТ» (220кВ 6 ӘЖ), «Батыс ЖЭТ» (220кВ 1 ӘЖ) және «Сарыбай ЖЭТ» (220-500кВ 17 ӘЖ) филиалдарының балансындағы 220-500 кВ 24 ӘЖ реконструкциялау объектілері болып табылады. Реконструкцияланатын 220-500кВ ӘЖ ұзындығы – 2023 км.

Жобаны іске асыру барысы: Жобаның ТЭН-і әзірленді және «Мемсараптама» РМК оң қорытындысы алынды (21.05.2018 ж. № 04-0076/18)

«KEGOC» АҚ Басқармасы жобаның негізгі параметрлерін мақұлдады (10.10.2018 Ж. № 24 хаттама). «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі «Ақтөбе ЖЭТ», «Сарыбай ЖЭТ» және «Батыс ЖЭТ» филиалдарында «220-500 кВ ӘЖ реконструкциялау» жобасының техникалық параметрлері мен тиімділік көрсеткіштерін бекітті ,сонымен қатар жобаның «Анықтау» және «Іске асыру» кезеңдеріне көшуін бекітті (28.02.2019 ж. №2 хаттама).

2019 жылы «толық аяқталған құрылысты» қоса алғанда, мына кешенді жұмыстарға шарттар жасалды:

1) «KEGOC» АҚ «Сарыбай ЖЭТ» филиалының 220 кВ ӘЖ-сін реконструкциялау, «Промстройэнерго» ЖШС-мен 19.08.2019ж. № 01-25-Д-620;

2) «KEGOC» АҚ «Сарыбай ЖЭТ» филиалының 500 кВ ӘЖ-сін реконструкциялау «АСПМК-519» ЖШС-мен 19.08.2019ж. № 01-25-Д-617;

3)   «KEGOC» АҚ «Ақтөбе ЖЭТ» және «Батыс ЖЭТ» филиалдарының 220 кВ ӘЖ-сін реконструкциялау «Карэлектроспецстрой» ЖШС-мен 19.08.2019ж. № 01-25-Д-618 шарт жасалды;

2020 жылы ӘЖ реконструкциялаудың барлық 24 объектісі бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды.

2021 жылдан бастап құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта реконструкциялау үшін таңдалған барлық 24 әуе желілерінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу аяқталды және «KEGOC» АҚ-ның «Ақтөбе ЖЭТ», «Батыс ЖЭТ» және «Сарыбай ЖЭТ» филиалдарының қолданыстағы 220-500 кВ әуе электр желілерінің 2 023 км реконструкцияланды. Қазақстанның ҰЭТ сенімділігін арттыруға және компанияның электр желісінің тозуын азайтуға қол жеткізілді.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс