Инвестициялық жобалар

Сұрыптау:

«KEGOC» АҚ перспективті инвестициялық жобалары туралы 2024 жылғы 20 ақпандағы жай-күй бойынша ақпарат

«KEGOC» АҚ «Ақмола ЖЭТ», «Шығыс ЖЭТ», «Солтүстік ЖЭТ» және «Орталық ЖЭТ» филиалдарының 220-500 кВ ӘЖ-сін реконструкциялау» жобасы, ІІ кезең

Жобаның мақсаты: Нормативтік қызмет мерзіміне жеткен жұмыс істеп тұрған электр жеткізу желілерін, сондай-ақ алдағы жылдары қызмет ету мерзімі нормативтіге жететін ӘЖ-ні реконструкциялау арқылы Қазақстан ҰЭТ жұмысының сенімділігін арттыру.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2019-2031 жж.

Жобаның құны: ҚҚС-ны есепке алғанда 94,64 млрд теңге.

Жобаны қаржыландыру: қарыз қаражат (65%), меншік қаражат (35%).

Іске асыру орны: Қазақстан Республикасының аумағы.

Ағымдағы дәрежесі: ҰЭТ-ты реконструкциялау қажеттілігі келесі себептерге байланысты:

·     бірқатар 220-500 кВ ӘЖ-нің нормативтік қызмет мерзіміне жетуі және одан асуы.

·     тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың, электр энергиясының транзитінің, электр станцияларының қуатын берудің сенімділігін арттыру.

        «KEGOC» АҚ «Ақмола ЖЭТ», «Шығыс ЖЭТ», «Солтүстік ЖЭТ» және «Орталық ЖЭТ» филиалдарының балансындағы жалпы ұзындығы 4236 км асатын  48 (қырық сегіз) 220-500 кВ ӘЖ қалпына келтіру объектісі болып табылады.

Ағымдағы дәрежесі: «KEGOC» АҚ 18.07.2019 жылы «RBM Sweсo Productions» ЖШС-мен «KEGOC» АҚ «Ақмола ЖЭТ», «Шығыс ЖЭТ», «Солтүстік ЖЭТ» және «Орталық ЖЭТ» филиалдарының 220-500 кВ ӘЖ-сін реконструкциялау» ІІ кезеңі бойынша ТЭН әзірлеуге шарт жасады.

48 ӘЖ-де толық тексеру жүргізілді. ӘЖ техникалық тексеру нәтижелері бойынша 48 техникалық есеп ұсынылды және келісілді.

        Мердігер ұйым ТЭН-нің бөлімдерін әзірлеуді жалғастырып жатыр.

Жоспарланған аяқтау – 2024 жылғы маусым. Себебі: ТЭН бөлімдерінің тапсыру үшін дайын болмауына байланысты.

«KEGOC» АҚ «Алматы ЖЭТ», «Орталық ЖЭТ» және «Оңтүстік ЖЭТ» филиалдарының 220-500 кВ ӘЖ-сін реконструкциялау» жобасы, ІІІ кезең

Жобаның мақсаты: Қолданыстағы электр жеткізу желілерін реконструкциялау арқылы Қазақстан ҰЭТ жұмысының сенімділігін арттыру, ресурсты перспективаға кемінде 30 жылға ұзарту.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2021-2031жж.

Жобаның құны: ҚҚС-ны есепке алғанда 96,62 млрд теңге.

Жобаны қаржыландыру: қарыз қаражат (70%), меншік қаражат (30%).

Іске асыру орны: Қазақстан Республикасының аумағы.

Жобаның сипаты: ҰЭТ-ты реконструкциялау қажеттілігі келесі себептерге байланысты:

·     бірқатар 220-500 кВ ӘЖ-нің нормативтік қызмет мерзіміне жетуі және одан асуы.

·     тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың, электр энергиясының транзитінің, электр станцияларының қуатын берудің сенімділігін арттыру.

 «KEGOC» АҚ «Алматы ЖЭТ» (220 кВ 12 ӘЖ), «Орталық ЖЭТ» (220-500 кВ 13 ӘЖ) және «Оңтүстік ЖЭТ» (220-500 кВ 19 ӘЖ) филиалдарының балансындағы жалпы ұзындығы 4332 км асатын  44 (қырық төрт) 220-500 кВ ӘЖ қалпына келтіру объектісі болып табылады.

Ағымдағы дәрежесі: «KEGOC» АҚ Басқармасы ТЭН әзірлеу үшін «Таңдау» сатысына көшуді мақұлдады (2021 жылғы 12 ақпандағы №4 хаттама). «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі алдын ала параметрлерді бекітті және ТЭН әзірлеу үшін «Таңдау» кезеңіне көшу туралы шешім қабылдады (2021 жылғы 19 наурыздағы №3 хаттама).

«Институт Казсельэнергопроект» ЖШС-мен «KEGOC» АҚ «Алматы ЖЭТ», «Орталық ЖЭТ» және «Оңтүстік ЖЭТ» филиалдарының 220-500 кВ ӘЖ-сін реконструкциялау» 14.07.2021 жылғы № 540230/2021/1 шартты жасады.

44 ӘЖ-де толық тексеру жүргізілді. ӘЖ-ні техникалық тексеру нәтижелері бойынша барлық техникалық есептер келісуге ұсынылды. Олардың ішінде:

- 26 ӘЖ-ні техникалық тексеру нәтижелері бойынша техникалық есептер келісілді.

- филиалдарда 18 ӘЖ-ні техникалық тексеру нәтижелері бойынша техникалық есептер қаралуда.

Аяқтаудың жоспарланған мерзімі – 2024 жылғы маусым. Себебі - ТЭН бөлімдерінің тапсыру үшін дайын болмауына байланысты.

«Батыс Қазақстанның энергия жүйесін Қазақстан БЭЖ-імен біріктіру. Электр желілік объектілерді салу» жобасы.

Жобаның мақсаты: Қазақстанның батыс облыстарының энергия қауіпсіздігі мен энергияға тәуелсіздігін қамтамасыз ету, батыс аймақ тұтынушыларын электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру үшін Қазақстан БЭЖ-інің негізгі бөлігімен Батыс аймақты Республика аумағы бойынша біріктіру.

Негіздеме: жоба 2021 жылғы 26 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында берілген Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары мен Жол картасының 2.41.1-тармағы негізінде (кейіннен Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесімен біріктіре отырып, Батыс өңірлер арасындағы транзиттік байланыстарды күшейту схемасын әзірлеу) және ҚР Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 56-тармағына сәйкес бастамашылық жасалды - елдің энергия жүйесін тұйықтайтын электр жеткізу желісінің құрылысын аяқтау.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2023-2027жж.

Жобаның құны: ҚҚС-ны есепке алғанда 201,79 млрд. теңге (іске қосу-реттеу жұмыстарына, тарихи-мәдени сараптамаға және т. б. шығыстарды қоса алғанда)

Жобаны қаржыландыру: меншік – 30%, қарыз – 70%

Жобаның сипаты: Жоба Батыс аймақты Республика аумағы бойынша Қазақстан БЭЖ-інің негізгі бөлігімен біріктіруге, Қазақстанның батыс облыстарының энергия қауіпсіздігі мен энергияға тәуелсіздігін қамтамасыз етуге, Батыс аймақтың тұтынушыларын электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға, Солтүстік және Оңтүстік аймақтың электр энергиясы мен қуатының теңгерімсіздігін өтеу үшін Батыс аймақтың маневрлік генерациясын пайдалануға мүмкіндік береді.

Ағымдағы дәрежесі: 2022 жылы жобаның алдын ала ТЭН-ін әзірлеу аяқталды, Батыс Қазақстан энергия жүйесін Қазақстан БЭЖ-імен біріктірудің техникалық және экономикалық негіздемесі айқындалды.

«KEGOC» АҚ ТЭН-нің 1-кезеңін әзірлеу қорытындысы бойынша 500 кВ ӘЖ Қарабатан ҚС – Өлке ҚС салуды көздейтін нұсқаны қабылдады.

Жоба ТЭН-і әзірленді және «Мемсараптама» РМК-ның 12.02.2024 жылғы     № 01-0047/24  қорытындысы алдынды.

Корпоративтік рәсімдерге сәйкес жобаны одан әрі іске асыру және келесі кезеңге көшу туралы шешім күтілуде.
«KEGOC» АҚ перспективті инвестициялық жобалары туралы 2024 жылғы 20 ақпандағы жай-күй бойынша ақпарат

Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс