Павлодар энергия торабының энергия жүйесі жұмысының сенімділігін энергия торабының Қазақстан БЭЖ-мен электр байланысын 220 кВ кернеуде орнату жолымен арттыру жобаны іске асырудың мақсаты болып табылады.
Жобаны іске асыру мерзімі: 2011-2018 жж.
Жобаның құны – 8,8 млрд. теңге (меншік қаражат).
Іске асырылатын орны: Павлодар облысы.
Жұмыс орындарының саны: құрылыс кезеңіне 124 адам, пайдалану кезеңіне 2 адам.
Жобаның сипаттамасы:
110 кВ Павлодар ҚС-да 220 кВ АТҚ орнату;
- 220 кВ ЕЭК – Промышленная ӘЖ салу (ұзындығы 57,122 км);
- 110 кВ ЕЭК – Павлодар ӘЖ-ні 220 кВ кернеуге ауыстыру (20,905 км);
- «ЕЭК» АҚ ЭЖ-де 220 кВ АТҚ қайта құру және кеңейту;
- Найзағайдан қорғайтын арқансымды 500 кВ ЭГРЭС-1 – ЭС АО «ЕЭК» ӘЖ (121,238 км) (ОКГТ) найзағайдан қорғайтын арқансымға кіріктірілген талшықтық-оптикалық байланыс желісіне ауыстыру
Жобаның қазіргі уақыттағы жағдайы:
1) «110 кВ Павлодар ҚС-да 220 кВ АТҚ салу» объектісі бойынша ҚМЖ орындалды. Жаңа 220 кВ АТҚ салынды.
2) «220 кВ ЕЭК – Промышленная» ӘЖ салу» объектісі бойынша СМР ҚМЖ орындалды. Ұзындығы 57,122 км жаңа 220 кВ ӘЖ салынды.
3) «110 кВ Павлодар ЕЭК ӘЖ-ні 220 кВ кернеуге ауыстыру» объектісі бойынша барлық құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды. Объект 220 кВ кернеуге ауыстырылды.
4) «ЕЭК АҚ ЭС-те 220 кВ АТҚ-ны қайта құру және кеңейту» объектісі бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары орындалды. 220 кВ жаңа ұяшық салынды және кернеуге қойылды.
5) Найзағайдан қорғайтын арқансымды 500 кВ«ЕМАЭС-1- «ЕЭК» АҚ ЭС» (КАОК) кіріктірілген ӘЖ байланыстың талшықтық-оптикалық желісіне ауыстыру бойынша ҚМЖ толық көлемде аяқталды.