Тұрақты даму

«KEGOC» АҚ негізгі міндеттерінің бірі өз қызметінің және өз еншілес компаниялары қызметінің тұрақты даму қағидаттарына сәйкестігін, ұзақ мерзімді перспективада тұрақты даму және экономикалық құн қалыптастыру үшін өз экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мақсаттарының келісілуін қамтамасыз ету болып табылады. 

«KEGOC» АҚ өзінің экономикаға, экология мен қоғамға әсерінің маңыздылығын түсінеді және ұзақ мерзімді құнды өсіруге талпына отырып, мүдделі тараптардың теңгерімін сақтап, өзінің ұзақ мерзімді перспективада тұрақты дамуын қамтамасыз етеді. Мүдделі тараптармен жауапты, ойластырылған және оңтайлы өзара іс-қимыл тәсілі «KEGOC» АҚ тұрақты дамуына көмектесетін болады. 

«KEGOC» АҚ БҰҰ-ның адам құқықтары, еңбек қарым-қатынастары, қоршаған ортаны қорғау және сыбайластық жемқорлыққ қарсы әрекет жасау саласындағы Ғаламдық шарт қағидаттарын қолдайды, оларға мыналар жатады:

1-қағидат: Іскерлік орта халықаралық деңгейде жарияланған адам құқықтарын қорғауды қолдап, құрметтеуі тиіс.

2-қағидат: Іскерлік орта адам құқықтарының бұзылуына қатысты болмауы тиіс.

3-қағидат: Іскерлік орта бірлестік еркіндігін және ұжымдық шарт жасасуға деген құқықты нақты мойындауы қажет.

4-қағидат: Іскерлік орта міндетті және еріксіз еңбектің қандай да болмасын нысанын жоюға жақтасуы тиіс.

5-қағидат: Іскерлік орта балалар еңбегінің толығымен жойылуына жақтасуы тиіс.

6-қағидат: Іскерлік орта еңбек пен еңбекпен қамту саласындағы дискриминацияны жоюға жақтасуы тиіс.

7-қағидат: Іскерлік орта алдын алу принципіне негізделген экология мәселелерге амал табуды ұстануы тиіс.

8-қағидат: Іскерлік орта қоршаған орта жағдайына жауапкершілікті көтеруге бағытталған бастамаларды көтеруі тиіс.

9-қағидат: Іскерлік орта экологиялық қауіпсіз технологиялардың дамуы мен таралуына септесуі тиіс.

10-қағидат: Іскерлік орта сыбайлас жемқорлықтың барлық түріне, соның ішінде бопсалаушылық пен парақорлыққа қарсы тұруы тиіс.

Нұсқаулық. Тұрақты даму саласындағы басқару жүйесі

Тұрақты даму – ұйымдар өз қызметінің қоршаған орта, экономика, қоғамға әсерін басқаратын және мүдделі тараптардың (стейкхолдерлер) мүдделерін есепке ала отырып, шешім қабылдайтын даму. 

Бұл тұрақты даму саласындағы халықаралық стандарттар, АА1000 сериялы стандарттарға, БҰҰ ЖаҺандық шартының, Есептілік бойынша жаһандық бастама (GRI) қағидаларына, «KEGOC» АҚ Жарғысы және «KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару кодексіне негізделген. 

«KEGOC» АҚ-да тұрақты даму үш құрауыштан тұрады: экономикалық, экологиялық және әлеуметтік:



Тұрақты даму саласында «KEGOC» АҚ мына қағидаларды ұстанады:

  • Ашықтық, 
  • Есеп берушілік,
  • Айқындық,
  • Әдепке сай мінез-құлық,
  • Мүдделі тұлғалардың мүддесін сыйлау,
  • Заңдылық, 
  • Адам құқықтарын сақтау, 
  • Сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздік, 
  • Мүдделер қайшылығына жол бермеушілік, 
  • Жеке үлгісі.  
«Самұрық-Қазына» АҚ мен «Самұрық-Қазына» АҚ тобына кіретін ұйымдардың қызмет ауқымы көптеген адамдардың мүдделерін қамтиды, елдің бүкіл экономикасын өркендету үшін стратегиялық маңызы зор.

Осыдан «Самұрық-Қазына» АҚ тобының қызметінде мынадай бірқатар аса маңызды қағидаттар туындайды: қоғам мүдделеріне мұқият көңіл бөлу, облыстардың әлеуметтік-экономикалық дамуына тұтастай ықпал ету, оларда қолайлы іскери ахуал құру, лайықты еңбек жағдайын, адамдардың әлеуметтік және рухани игілігін қолдау.

Осыған байланысты компания экономикалық жағына да, әлеуметтік жағына да басым назар аудара отырып, өз бизнесін орнықты дамытуды қамтамасыз етуге ұмтылады.

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы мынадай әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын ұстанады: жаңа жұмыс орындарын құру, қызметкерлерге арналған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру, демеушілік пен қайырымдылық, экологиялық және білім беру акцияларын жүргізу.

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның демеушілік пен қайырымдылық қызметі рухани және ұлттық құндылықтарды жандандыруға, мәдениетті, ғылым мен білімді қолдауға, ғылыми-техникалық прогреске ықпал етуге, салауатты өмір салтын насихаттауға, қорғалмаған тұрғындар бөлігі мен табысы төмен азаматтарға көмек көрсетуге және спортты қолдауға бағытталған.

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның «Самұрық-Қазына» АҚ тобына кіретін ұйымдардың қайырымдылық көмек көрсету жөніндегі бірыңғай саясатын «Samruk-KazynaTrust» Корпоративтік Қоры жүзеге асырады (info@sk-trust.kz).

«Samruk-Kazyna Trust» — Қазақстан Республикасында қайырымдылық, әлеуметтік маңызды бағдарламалар мен жобаларды іске асыратын, «Самұрық-Қазына» АҚ Ұлттық әл-ауқат қорының компаниялар тобы жанында құрылған әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

«Samruk-Kazyna Trust» Қазақстан Республикасы Үкіметімен тығыз ынтымақтаса отырып, мынадай бағыттар бойынша қайырымдылық жобаларын іске асырады:

  • әлеуметтік және медициналық секторда адамдарға, қоғамдастықтарға көмектесу
  • медиа, мәдени қоғамдастық пен адами әлеуетті дамыту
  • еңбек және ұлтаралық қарым-қатынастарды нығайту, қоғамның орнықты дамуына инвестициялар салу
  • өңірлік және бизнес-бастамаларды қолдау

«Samruk-Kazyna Trust»  әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қызметі туралы толық ақпаратпен ресми www.sk-trust.kz  сайтында танысуға болады.

Электр энергетикалық компаниялар үшін КӘЖ: бизнес тиімділігін арттырамыз КСО – КӘЖ (корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік)

2023 жылғы 25 тамызда S&P Global тәуелсіз рейтингтік агенттігі «KEGOC» АҚ-ға 51/100 деңгейінде S&P Global CSA Score 2023 ESG-рейтингін берді.

S&P Global CSA Score 2023 (Corporate Sustainability Assessment - Корпоративтік тұрақтылықты жаһандық бағалау) - рейтингтік агенттіктің тұрақты дамудың үш негізгі сегменті негізінде есептелген Компания қызметін бағалауы: экология (E), қоғам (S), корпоративтік басқару(G), олардың әрқайсысы тиісті шағын сала үшін маңыздылығына қарай бағаланады. Осы үш көрсеткіштің әрқайсысы ESG мәселелері бойынша ұқсас компанияларға қатысты Компанияның қызметін тереңірек бағалауды қамтиды.

SPGlobalReiting.png

Жедел желі

Кері байланыс