1943 жылғы мамырдан бастап 1944 жылғы қыркүйек аралығында анасы Фатима Фазылжановамен бірге БҮКІЛОДАҚТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМДАРЫ АКАДЕМИЯСЫ филиалының егіс даласында еңбек етті (әкесі 1940 жылы қайтыс болғаннан кейін анасы 4 баланы өзі тәрбиеледі). Мен және кіші інім анамызға қолдан келгенше көмектестік. Тәжірибелік егіс даларында көптеген ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірдік, жер қаздық, суардық, күзде өнімді жинадық. Күндіз-түні күркеде тұрдық, өйткені егіннің өсуін қадағалау қажет болды. Әрине, жұмыс ауыр болды, шаршадық, бірақ біз жас болсақ та жағдайды, соғыс жүріп жатқанын түсіндік.
Еңбек жолы
1963 жылы 23 сәуірде – Қазақ ССР Энергетика және электрфикация министрлігі.Еңбек және жалақы бөліміне инженер болып қабылданды. 1970 жылғы 1 сәуірде – осы бөлімнің бас инженері болды. 1971 жылғы 16 желтоқсанда – БДО өндірісті жоспарлау жөніндегі аға инженер лауазымына ауыстырылды,1972 жылғы 1 қаңтарда –БДО аға экономика инженері. (1973 жылғы 1 шілдеде – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиуымының 22.06.73 жарлығына сәйкес Қазақстан ОДБ КСРО Энерминистрлігі ЕЭС ОДБ бағыныстылығына берілді). 1988 жылғы 1 тамызда – қайта тарификациялауға байланысты – екінші санаттағы экономист. 1989 жылғы 1 ақпанда – 1 санаттағы экономист біліктілігі берілді. 1997 жылғы 15 желтоқсанда – зейнеткерлік демалысына шықты.
Наградалары мен жетістіктері
1985 жылғы 24 маусымда – «Еңбек ардагері» медалімен наградталды.
2010 жылғы 27 сәуірде – «1941-1945 жж. «1941-1945 жыл Ұлы Отан соғысындағы жеңiске 65 жыл» медалімен наградталды.
2012 жылғы 16 желтоқсанда – «Медеу Ауданының әлеуметтiк-экономикалык дамуына қосқан үлесi үшiн» Медеу ауданының 75-жылдык мерекелiк белгiсiмен мараппатталды.