Сұрақтар мен жауаптар

Қазақстандық қор биржасында акцияларды қалай сатып алу қажет (KASE)?

Жеке тұлғалар брокерлік және дилерлік қызметті немесе инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лициензиялары бар бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары қызметтерін қолдана отыра, биржалық қорда эмиссиялық бағалы қағаздарға немесе басқа да қаржылық құралдарға инвестицияларды жүзеге асырады.

Биржалық мәмілелер қалайша жасалады?

Саудаға қатысушылар қаржы құралын сатып алу/сатуға өтінім тапсыруы тиіс. Егер екі қарсы өтінім (біреуі-сатып алуға, екіншісі- сатуға) бір бірінің шарттарын қанағаттандырса,  мәміле жасалады.

Брокер деген кім?

Брокер - бұл бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы,  мамандандырылған лицензияға ие және бұл клиенттің (инвестордың) тапсырмасы бойынша, оның есебінен және мүддесінде эмиссиялық бағалы қағаздар және басқа да қаржы құралдарымен  мәмілелер жасаушы бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысады.

Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі (БҚОД) деген не?

«Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ— Қазақстан Республикасы  территориясындағы депозитарийлік қызметті, атап айтқанда бағалы қағаздарды сақтау және есепке алумен байланысты қызметті жүзеге асырушы жалғыз мамандандырылған коммерциялық емес ұйым.

Акцияларды иеленудің пайдасы неде?

Акциялар бойынша кірістерді екі санатқа бөлу қабылданған:

  1. дивиденд — акционердің өзіне тиесілі акциялар бойынша эмитент төлейтін кірісі,
  2. құнының өсімі— бағалы қағазды сатып алу мен оны сату құны арасындағы айырмашылық.

Дивидендтер қалай төленеді?

Дивидендтерді төлеу тәртібі эмитенттың жарғысы және дивидендтік саясатымен,сонымен қатар «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы  Заңымен (22,23 және 24- баптары) реттеледі.

Акциялар бойынша дивдендтерге салық салынады ма?

«Салық және бюджетке міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сай жеке және заңды тұлғалардың салық салынуы тиіс кірістерінен (филиалға, өкілдікке немесе резидент еместің тұрақты мекемесіне төленетін кірістерден басқа) осындай дивидендтер мен сыйақылар есептелген күні  Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде тұрған бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар алып тасталады.

Акционердің қандай құқықтары бар?

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы  Заңның 14-бабына сәйкес, қоғамның акционерінің мынадай құқықтары бар:

  1. қоғамды заңнамада және қоғам жарғысында көзделген тәртіпте басқаруға қатысу;
  2. дивидендтер алу;
  3. қоғам қызметі туралы ақпарат алу, соның ішінде қоғамның қаржылық есебімен акционерлердің жалпы жиналысы  немесе қоғам жарғысы белгілеген тәртіпте танысу;
  4. қоғам тіркеушісінен немесе бағалы қағаздарға оның меншік құқығын растаушы атаулы иесінен үзінділер алу;
  5. қоғам акционерлерінің жалпы жиналысына қоғамның директорлар кеңесіне сайлау үшін кандидатураларды ұсыну;
  6. қоғам жойылар кезде мүліктің бөлігіне.

Жедел желі

Кері байланыс