Баспасөз хабарламалары

Өнеркәсіпті көміртексіздендіру бойынша елеулі үлесті энергия желілерін интеллектуалдандыру енгізеді

2022 жылғы 12 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдің қатысуымен «Герман-Қазақстан экономикалық ынтымақтастығының дамуы – жоғары технологиялар, жасыл экономика және логистика саласындағы мүмкіндіктер мен перспективалар» тақырыбында қазақстан-герман бизнес-форумы өтті. Шамамен 250 делегат қатысқан іс-шараның арқауы жоғары технологиялар, жасыл экономика және логистика саласындағы қазақстан-герман экономикалық ынтымақтастығын дамыту болды.


KAZAKH INVEST ұйымдастырған бизнес-форум шеңберінде «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «KEGOC» АҚ) мен «Siemens» ЖШС Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Қол қою рәсіміне «KEGOC» АҚ Стратегия және тұрақты даму жөніндегі басқарушы директоры Эльвира Қонақбаева мен «Siemens» ЖШС директоры Дияс Асанов қатысты.

Аталған меморандум компаниялар арасында «цифрлық» қосалқы станцияларға көшу бөлігінде инновациялық шешімдерді әзірлеу мен енгізуде жалғасып жатқан ынтымақтастықты бекітті, бұл операциялық шығындарды айтарлықтай оңтайландыруға және энергетикалық инфрақұрылым жүйелері жұмыс істеуінің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді. Энергия тиімді цифрлық шешімдерді енгізу есебінен Қазақстан Республикасының электр желілерін интеллектуалдандыру Қазақстанның өнеркәсіпті көміртексіздендіру бойынша алға қойған мақсаттарына қол жеткізуіне елеулі үлес қосады және ESG-күн тәртібін тиімді іске асырудың үлгісі болады.

 

Құрамына «KEGOC» АҚ және «Siemens» ЖШС өкілдері кірген электр энергиясын жеткізу саласындағы цифрландыру жөніндегі жұмыс тобы ҚР Үкіметі мен «Сименс АГ» концерні 2020 жылғы 14 ақпанда қол қойған Өзара түсіністік туралы меморандумды орындау мақсатында құрылды.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс