Баспасөз хабарламалары

«KEGOC» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының қорытындылары туралы

2022 жылғы 26 мамырда «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтті, ол жерде мына мәселелер қаралды:

1.       Жылдық қаржылық есептемені, таза кірісті бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және 2021 жылғы «KEGOC» АҚ бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшерін бекіту туралы;

2.       «KEGOC» АҚ Есеп комиссиясыныңы құрамы туралы;

3.       Акционерлердің «KEGOC» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының іс-қимылдарына өтініштері және оларды қараудың қорытындылары туралы.

Акционерлер «KEGOC» АҚ-ның  2021 жылғы жылдық қаржылық есептемесін бекітті, оған сәйкес компанияның шоғырландырылған таза кірісі 52,6 млрд. теңгені құрады.

«KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысы 2021 жылдың екінші жартыжылдығы бойынша дивидендтерді 13,2 млрд. теңге көлемінде төлеуге шешім қабылдады, бұл бір жай акцияға есептегенде 50,85 (елу) 85 тиынды құрайды.

2021 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 22 млрд. теңге сомасында бұрын төленген дивидендтерді ескере отырып, 2021 жыл бойынша төленетін дивидендтердің мөлшері «KEGOC» АҚ таза табысының 66,9% - ын немесе 35,2 млрд. теңге құрайды. Бұл  бір жай акцияға есептегенде 135,57 (жүз отыз бес) 57 тиынды құрайды.

2021 жылдың қорытындылары бойынша «KEGOC»  АҚ жай акциялары бойынша дивиденд алуға құқығы бар «KEGOC»  АҚ Акционерлерінің тізімі 2022 жылғы 7 маусымдағы 00 сағат 00 минуттегі жай-күй бойынша тіркеледі.

Дивиденд төлемі басталатын күн – 2022 жылғы 9 маусым.

Сонымен қатар «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысы «KEGOC» АҚ Есеп комиссиясы мүшелерінің жаңа құрамын бекіту туралы шешім қабылдады және акционерлердің өтініштері туралы ақпаратты назарға алды.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс