Баспасөз хабарламалары

Тәуліктік кестені қалыптастыру мәселелері «KEGOC» АҚ-да талқыланды

2021 жылы 20 мамырда KEGOC тұрақты дөңгелек үстел өткізді, онда күнделікті кестені қалыптастыру және көрші елдермен тепе-теңдікті реттеу мәселелері талқыланды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, заңды тұлғалар бірлестіктерінің, энергия өндіруші ұйымдардың, жобалау институттарының, халықаралық қаржы ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ халықаралық консультанттар қатысты.

Дөңгелек үстел барысында электр энергиясын өндіру мен тұтынудың күнделікті кестесін құру және күнделікті жұмыс кестесінің бизнес-процестері, Қазақстанның БЭЖ-нің көрші елдермен тепе-теңсіздігін реттеу және Ресей Федерациясының ЕЭС-мен қатарлас жұмыс жасау мәселелері және Орталық Азияның БЭС-і атап көрсетілді.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс