Біз жайлы

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) акционерлік қоғамы «Қазақстан Республикасының энергетикалық жүйесін басқаруды құрылымдық қайта құру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 28 қыркүйектегі № 1188 қаулысына сәйкес құрылды.

«KEGOC» АҚ-ның бастапқы мемлекеттік тіркелу күні — 1997 жылғы 11 шілде.

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Z00T2D0, Астана қаласы, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат.

Миссия

Қазақстанның энергия жүйесінің сенімділігін, қолжетімділігі мен озық дамуын қамтамасыз ету.

Болжам 

Энергетикалық ауысу жағдайында болашақ энергетикалық жүйе мен нарықтың өзгеруіне ықпал ететін, экономиканың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз ететін және инфрақұрылымды жоспарлау және таза энергияны дамыту арқылы тұрақты электр энергетикалық жүйенің дамуына үлес қосатын Қазақстан БЭЖ-інің Жүйелік операторы.

Қоғам мынадай негізгі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) ұлттық электр торабы арқылы электр энергиясын жеткізу жөнінде жүйелік қызмет көрсету;

2) Ұлттық электр торабының жабдықтарына пайдалану бойынша қызмет көрсету;

3) электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімдерін жасауды және тәуліктік кестесін жасауды қоса алғанда, шартқа сәйкес Қазақстан Республикасы біртұтас электр энергетикалық жүйесінің жұмыс режимдерін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыра отырып, электр энергиясын желіге босату мен тұтынуды техникалық диспетчерлендіру бойынша жүйелік қызмет көрсету;

   4) электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша жүйелік қызмет көрсету;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен электр энергиясының теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеуді жүзеге асыру;

6) нақты уақыт режимінде және жүйелік әрі қосалқы қызметтер нарығында электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы жұмысын ұйымдастыруды жүзеге асыру;

7) қатарлас жұмыс режимдерін басқару және тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша іргелес мемлекеттердің энергия жүйелерімен өзара іс-қимыл жасау;

8) электр қуатын реттеу және резервтеу;

9) электр энергиясы көтерме сауда нарығының барлық субъектілерінің бірыңғай ақпараттық жүйесін, электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін, релелік қорғау және аварияға қарсы автоматикасының түйіндес құрылғыларын құру бойынша техникалық және әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;

10) жеке технологиялық және өндірістік қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес электр энергиясын сатып алуды жүзеге асыру;

11) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесін орталықтан жедел-диспетчерлік басқару;

12) Қоғамның ведомствоға бағынысты ұйымдарының объектілеріндегі электр моторларды, генераторлар мен трансформаторларды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету;

13) Қоғамның ведомствоға бағынысты ұйымдарының объектілеріндегі электр таратқыш және реттеуші аппаратураларды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету;

14) Қоғамның ведомствоға бағынысты ұйымдарының объектілеріндегі электрмен жарықтандыру жабдықтарын жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету;

15) Қоғамның ведомствоға бағынысты ұйымдарының объектілеріндегі басқа санаттарға енгізілмеген басқа да электр жабдықтарын жөндеу және техникалық күтім жасау;

16) жеке меншігіндегі жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару;

17) басқа да сымдық телекоммуникациялық байланыс;

18) кең сұрыпталымды тауарлармен сауда-саттық жөніндегі агенттердің қызметі;

19) қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарының көтерме саудасы.

Электр желілері

«KEGOC» АҚ «Жүйеаралық электр тораптары» филиалдарының теңгерімінде 01.01.2024 ж. жай-күй бойынша жалпы ұзындығы 27 807,454 км (тізбек бойынша) 0,4-1150 кВ габариттерде 395 әуе электр жеткізу желілері бар, оның ішінде:

1150 кВ ӘЖ   – 1 421,225 км;

500 кВ ӘЖ     – 8 281,191 км; 

330 кВ ӘЖ     – 1 863,28 км;

220 кВ ӘЖ     – 15 669,584 км;

110 кВ ӘЖ     – 352,841 км;

35 кВ ӘЖ       – 44,13 км;

10 кВ ӘЖ       – 110,177 км;

6 кВ ӘЖ         – 8,044 км;

0,4 кВ ӘЖ      – 56,242 км.

«KEGOC» АҚ «Жүйеаралық электр тораптары» филиалдарының теңгерімінде 01.01.2024г ж. жай-күй бойынша трансформаторлардың орнатылған қуаты 39 112,6 МВА кернеуі 35-1150 кВ 83 электр қосалқы станция бар, оның ішінде:

1150 кВ – 3 дана, қуаты 9 384,1 МВА; 

500 кВ – 20 дана, қуаты 17 447,5 МВА; 

220 кВ – 58 дана, қуаты 12 257,8 МВА; 

35кВ – 2 дана, қуаты 23,2 МВА. 

 

«KEGOC» АҚ « Жүйеаралық электр тораптары » филиалдары 1997-1998 жылдары құрылды.

AkmAktAlm_KAZ_2024_1kv.PNG

VostZapSarb_KAZ_2024_1kv.PNG

SevCentrYug_KAZ_2024_1kv.PNG




ЭЖЖ- электр жеткізу желілері

Жедел желі

Кері байланыс