Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы мына секторлардан тұрады:
Электр энергиясы өндірісінің секторы
Қазақстанда электр энергиясын өндіруді әртүрлі меншік нысанындағы 179 электр станциясы жүзеге асырады. 01.01.2021 жылғы жай-күй бойынша Қазақстан электр станцияларының жалпы белгіленген қуаты 23621,6 МВт, иелік қуаты 20078,6 МВт құрайды.
Электр станциялары ұлттық маңызы бар электр станциялары, өндірістік маңызы бар электр станциялары және өңірлік маңызы бар электр станцияларына бөлінеді.
Ұлттық маңызы бар электр станцияларына электр энергиясын өндіруді және Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығында сатуды қамтамасыз етуші ірі жылу электр станциялары жатады:
Сонымен қатар қосымша ретінде және ҚР БЭЖ жүктеме графигін реттеу үшін қолданылатын жоғары қуатты гидравликалық электр станциялары:
Өндірістік маңыздылығы бар электр станцияларына ірі өндірістік кәсіпорындарды және жақын жерлердегі елді мекендерді электр-жылумен жабдықтауға арналған электр және жылу энергиясын аралас өндіруші ЖЭО-лар жатады:
Өңірлік маңыздылығы бар электр станциялары – өңірлік электр желілік компаниялар және энергия жеткізуші ұйымдар арқылы электр энергиясын сатушы, сонымен қатар жақын арадағы қалаларды жылумен жабдықтаушы территориялармен біріктірілген ЖЭО.
Электр энергиясын жеткізу секторы
Қазақстан Республикасының электр желілері қосалқы станциялар, таратушы құрылғылар және электр энергиясын жеткізу және (немесе) таратуға арналған, оларды қосушы 0,4-1150 кВ кернеулі электр жеткізу желілерінің жиынтығы болып табылады.
Қазақстан Республикасының БЭЖ-інде жүйе құраушы желі рөлін республика өңірлері арасындағы және іргелес мемлекеттердің энергия жүйелерімен (Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы) электр байланыстарын, сонымен қатар электр станцияларының электр энергиясын беруін және оны көтерме сауда тұтынушыларына жеткізуді қамтамасыз ететін Ұлттық электр торабы атқарады. ҰЭТ құрамына кіретін, кернеуі 220 кВ және одан жоғары қосалқы станциялар, тарату құрылғылары, өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр жеткізу желілері, электр станцияларының электр энергиясын беруді жүзеге асырушы электр желілері «КЕGОС» АҚ балансында. Өңірлік деңгейдегі электр желілері өңірлер ішіндегі электр байланыстарын, сонымен қатар бөлшек сауда тұтынушыларына электр энергиясын жеткізуді қамтамасыз етеді. Өңірлік деңгейдегі электр желілері өңірлік электр желілік компаниялардың (ӨЭК) балансында және пайдалануында.
Энергия жеткізуші ұйымдар (ЭЖҰ) шарттардың негізінде жеке немесе пайдаланатын (жалға алу, лизинг, сенімгерлікпен басқару және пайдаланудың басқа түрлері) электр желілері арқылы көтерме сауда және бөлшек сауда нарығының тұтынушыларына немесе энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға электр энергиясын жеткізуді жүзеге асырады.
Электрмен жабдықтау секторы
Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығының электрмен жабдықтау секторы электр энергиясын энергия өндіруші ұйымдардан немесе орталықтандырылған сауда-саттықта сатып алатын және оны соңғы бөлшек сауда тұтынушыларына сатуды жүзеге асыратын энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан (ЭЖҰ) тұрады. ЭЖҰ бөлігі электр энергиясының «кепілді жабдықтаушыларының» функцияларын орындайды.
Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығы
Электр энергиясының нарығы көтерме сауда және бөлшек сауда нарығына бөлінеді, ал жылу энергиясының нарығы тек бөлшек нарығында ұсынылған.
Электр желілеріне иелік ететін Жүйелік оператор, ӨЭК және басқа ұйымдар табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықта басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгілеген тәртіпте барлық қатысушылардың электр энергиясы нарығына еркін қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Электр немесе жылу энергиясы нарығында өндіру, жеткізу және тұтыну кезінде туындайтын қатынастар электр энергетикасында тиісті шарттармен реттеледі.
Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығының функционалдық құрылымы мыналарды қамтиды:
Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері арасында туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен, Қазақстан Республикасының электр энергиясы көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеу қағидаларымен, басқа да нормативтік құқықтық актілерімен және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің арасындағы шарттарымен реттеледі.
Энергия өндіруші ұйымдар Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндіру және сату бойынша қызметін олардың мына талаптарды орындауы барысында жүзеге асырады:
Ұлттық электр торабына қосылған энергия өндіруші ұйымдарына ұлттық электр торабына қолжетімділік Жүйелік операторымен мына шарттар болған жағдайда ұсынылады:
Өңірлік электржелілік компанияларының электр желілеріне қосылған энергия өндіруші ұйымдарына ұлттық электр желілеріне қолжетімділігі энергия өндіруші ұйымының Жүйелік операторымен Қазақстанның бірыңғай электрэнергетикалық жүйесінде электр энергиясын өндіру/тұтыну режимдерін техникалық диспетчерлендіру бойынша соңғысымен қызметтерін көрсетуге шарттарының болуы жағдайында ұсынылады.
Электр энергиясының орталықсыздандырылған нарығындағы тұтынушылар Азаматтық кодексе сәйкес электр энергиясын жеткізудің бағасы, көлемі және талаптары бойынша сатып алу-сату шарттарын жасасады.
Электр энергиясын тұтынушылар электр энергиясының көтерме нарығына мына талаптар орындалған жағдайда қатысады:
Ұлттық электр торабына қосылған электр энергиясының тұтынушыларына Жүйелік оператормен мына шарттары болған жағдайда Ұлттық электр торабына қолжетімділік беріледі:
Өңірлік электржелілік компаниялардың электр желілеріне қосылған электр энергиясын тұтынушыларына мына талаптарды орындаған жағдайда Ұлттық электр торабына қолжетімділік беріледі:
Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мына шарттарды орындаған жағдайда Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығында қызметін жүзеге асырады:
Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мына шарттарды орындаған жағдайда Ұлттық электр торабына қолжетімділік беріледі:
Бөлшек сауда нарығындағы электр энергиясын сатып алу-сату тұтынушылармен электр жабдықтаушы ұйымдармен жасасатын электрмен жабдықтау шарттарының негізінде жүзеге асырылады.
Электр энергиясы нарығының операторлары
ҚР БЭЖ Жүйелік операторы - «KEGOC» АҚ (ҚР ЭМ 17.10.2014 ж. №61 бұйрығы) мына функцияларды атқарады:
«Электрэнергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңына сәйкес 01.01.2008 жылдан бастап имитациялық режимде Қазақстан Республикасы электр энергетикасының теңгерімдеуші нарығы жұмыс істейді.
Электр энергиясының көтерме нарығының субъектілері үшін электр энергия теңгерімдеуші нарығы жүйесінің сайтына сілтеме http://88.204.164.138/
Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының (ЭТН) жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін «KEGOC» АҚ-ның 26.03.2021 жылғы №51 бұйрығына сәйкес «Жүйелік оператордың Ұлттық диспетчерлік орталығы» филиалы (ЖО ҰДО) есеп айырысу орталығы болып белгіленді. ҚР БЭЖ орталықтандырылған диспетчерлік басқаруын «KEGOC» АҚ «Жүйелік оператордың Ұлттық диспетчерлік орталығы» филиалы (ЖО ҰДО) жүзеге асырады. ҚР БЭЖ-де орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқару ЖО ҰДО-ға тікелей жедел бағынатын тоғыз өңірлік диспетчерлік орталығының (ӨДО) схемасы бойынша ұйымдастырылған, олар «KEGOC» АҚ филиалдарының құрылымдық бөлімшелері «Жүйеаралық электр тораптары» болып табылады.
Орталықтандырылған сауда нарығы субъектілердің электр энергиясының нарығына ашық кемсітусіз қолжетімділікті қамтамасыз ету және электр энергиясының ағымдағы нарықтық бағасының объективті индикаторын қалыптастыру мақсатында жұмыс істейді. Орталықтандырылған сауда нарығының жұмыс істеуін ұйымдастыру жауапкершілігі электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығының операторы - «ЭҚРҚО» АҚ-ға жүктелген (ҚР ЭМРМ 04.03.2004 ж. №54 бұйрығы).