Баспасөз хабарламалары

Маңғыстау облысындағы электр энергиясының тапшылығы туралы баспасөз хабарламасы

2023 жылғы 1 мамырда «МАЭК» ЖШС (Маңғыстау облысы) жылу электр станциясында энергия блоктары апатты жағдайда ажыратылды, бұл электр энергиясының тапшылығына алып келді.

Сағат 13:24-те (Астана қ. уақытымен) 128 МВт генерациясы бар № 3 энергоблок апатты жағдайда ажыратылды.

Сағат 17:38-де 160 МВт генерациясы бар № 2 энергоблок апатты түрде ажыратылды.

Энергоблоктарды апаттық жөндеу кезінде «МАЭК» ЖШС электр станциясының өнеркәсіптік тұтынушы кәсіпорындарына шектеулер енгізілетін болады.

Бұл ретте халықты энергиямен қамтамасыз етуге басымдық беріледі.

«KEGOC» АҚ электр желілерінде апаттық ажыратулар жоқ.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс