Баспасөз хабарламалары

«KEGOC» АҚ «Батыс ЖЭТ» филиалында қызметкерлердің қауіпсіз жұмысы бойынша семинар өтті

«KEGOC» АҚ «Батыс ЖЭТ» филиалында қызметкерлердің қауіпсіз жұмысы бойынша семинар өтті

«Батыс ЖЭТ» филиалында техникалық қызметтердің, Атырау ЖЭС, Теңіз ЖЭС, жұмыс жетекшілері мен жұмыс жүргізушілердің қатысуымен «2024 жылғы жөндеу науқанын қауіпсіз өткізуді қамтамасыз ету» тақырыбында жыл сайынғы семинар өтті.

2023 жылы «Батыс ЖЭТ» филиалы «Ақтөбе ЖЭТ» филиалымен бірге жаңа ӘЖ және 220кВ «Қарабатан» ТП салып, Батыс энергия торабын күшейту бойынша бағдарламаны сәтті іске асырды. Қазіргі уақытта Батыс энергия торабын Қазақстанның Біртұтас энергия жүйесімен біріктіруді жоспарлау басталды. 500кВ ӘЖ және 500кВ ҚС салу жоспарланып отыр.

Филиал ауқымды жоспарлар белгіледі және семинарда 2024 жылы қызметкерлердің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге тағы да назар аударылды.

Филиал басшысы Константин Чернохаев семинарды ашып, қатысушыларға 2023 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндады:

- 220кВ «Құлсары» ҚС-да жұмыс орнына кіруге рұқсат беру үлгісін көрсете отырып, жөндеу науқанын қауіпсіз өткізуді қамтамасыз ету бойынша 2 семинар өтті;

- арнайы техниканы жүргізудің кәсіби шеберлігі конкурсы өтті;

- 220кВ «Құлсары» ҚС-да өрт қауіпсіздігінің алдын алу үшін Жылыой ауданы бойынша ТЖД қызметкерлерін тарта отырып өртке қарсы жаттығу жүргізілді;

- IR-скрининг жүргізілді.

Басшыдан басқа филиал қызметкерлері және «Теңізшевройл» компаниясынан шақырылған әріптестер баяндама жасады.

220кВ «Қарабатан» ТП-да жұмыс орнына кіруге рұқсат беру үлгісі көрсетілді.

Компанияда жыл сайын өндірістік қауіпсіздік бойынша іс-шаралар жоспары әзірленетінін атап өткен жөн. Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саясаты қайта қаралып жатыр, өйткені Компания қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына басымдық береді. «Сіздерден әсіресе қазіргі су тасқыны кезінде қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймын,», - деді Константин Чернохаев қызметкерлерге.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс