Баспасөз хабарламалары

KEGOC БАСШЫСЫ НӘБИ АЙТЖАНОВ «ОРТАЛЫҚ ЖЭТ» ФИЛИАЛЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН

Филиал Қарағанды қаласының, Қарағанды және Ұлытау облыстарының тұтынушыларына электр энергиясын жеткізеді, сондай-ақ Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстігі бағыты бойынша электр энергиясының транзитін қамтамасыз етеді.

Нәби Айтжанов филиал ұжымымен өткізілген кеңесті ашып, Жаңа жылдың алғашқы апталарында байқалған ауа-райының қалыптан тыс құбылыстары жағдайында күзгі-қысқы кезеңнен өту кезіндегі энергетиктер ұжымының жұмысын бағалады және қызметкерлерге кәсібилігі мен үйлесімді іс-әрекеттері үшін алғысын білдірді, компанияның ағымдағы қызметі және оның одан әрі даму векторы туралы баяндады.

KEGOC басшысы 2023 жылы атқарылған жұмыстарға, оның ішінде Ақтөбе, Батыс және Сарыбай ЖЭТ филиалдарындағы жалпы ұзындығы 2 023 км 220-500 кВ ӘЖ-ні реконструкциялауға тоқталды. Бұл шаралар Қазақстанның ұлттық электр торабы жұмысының сенімділігін арттыруға және желілердің тозуын азайтуға мүмкіндік берді.

ҚР БЭЖ Батыс аймағының желілерін күшейту шеңберінде ұзындығы 800 км болатын 220 кВ ӘЖ-нің екінші транзитінің құрылысы аяқталды, 220 кВ «Орал», «Правобережная», «Индер», «Құлсары», «Теңіз» 5 ҚС кеңейтілді. Жаңа 220 кВ «Қарабатан» ТП салынды. Мұның барлығы Батыс аймақтың электр желісінің өткізу қабілетін 100 МВт-тан 200 МВт-қа дейін арттыруға мүмкіндік берді.

Н. Айтжановтың айтуынша, ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағының желілерін күшейту 500-220 кВ «Алматы-Жамбыл» Солтүстік-Оңтүстік транзитінің өткізу қабілетін 500 МВт-қа арттыруға мүмкіндік береді, ҚР БЭЖ-інің Орталық Азия БЭЖ-інен оқшауланған жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді және ЖЭК-ті ҚР энергия жүйесіне қосымша интеграциялауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда KEGOC алдында тұрған жаһандық жобалардан басқа, қызметкерлердің әлеуметтік әл-ауқаты жеке күн тәртібіне айналды.

«Қызметкерлердің әлеуметтік әл-ауқатын және олардың моральдық қанағаттануын арттыру үшін әріптестерімізбен бірге «Идеялар банкін» құрдық. Онда қызметкерлердің жағдайын жақсарту бойынша барлық тілектерді жинадық. Сіздердің пікірлеріңіз - біз үшін маңызды. Сіздің жұмысқа қуана келуіңіз, жұмыс орныңызды мақтан тұтуыңыз, кейін балаларыңызды KEGOC-қа жұмыс істеуге әкелгеніңіз маңызды. Мен қазір барлық филиалдарды аралап, осы туралы өзім айтып, сіздерді тыңдап, тілектеріңіз бен ескертулеріңізді қабылдаймын. Біздің басты мақсатымыз – қызметкерлеріміздің әлеуметтік қауіпсіздігі мен әл-ауқаты болып табылады» - деп атап өтті Н. Айтжанов.

Сондай-ақ, ол филиал қызметкерлерін ұтымгерлік шешімдер байқауына белсенді қатысуға шақырды. Ағымдағы жылы Басқарма төрағасының тапсырмасы бойынша конкурс қорытындысы бойынша берілетін сыйақы мөлшері айтарлықтай ұлғайтылды.

Осыдан кейін «Орталық ЖЭТ» филиалының директоры Қайрат Қаракесеков өз баяндамасын ұсынды. Ол филиалдың 2023 жылғы жұмысы туралы егжей-тегжейлі баяндап, 2024 жылға арналған жоспарларымен таныстырды. Филиал 2024 жылғы жөндеу науқанынан өту кезінде қауіпсіздік мәселелеріне көбірек көңіл бөлуді жалғастырады.

Кездесу соңында Компания басшысы жөндеу жұмыстарын және инвестициялық бағдарлама аясындағы барлық міндеттерді жоспарланған мерзімде орындауды тапсырды. «Филиалда құрылған мықты кәсіби команда кезеңді ойдағыдай еңсеріп, Қазақстанның Орталық өңірінің электр желілік кешенінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ететініне сенімдімін», - деп қорытындылады Нәби Айтжанов.

Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс