Баспасөз хабарламалары

«KEGOC» АҚ-да электр желілік объектілерде авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін 107 кешенді бригада ұйымдастырылды

766 адамнан тұратын бригадалар 302 бірлік автотехникамен, 56 электр энергиясының автономды көзімен, 93 сорғымен және жұмыстарды орындау үшін қажетті ЖЖМ мөлшерімен жабдықталды. Сондай-ақ Компанияда жабдықтардың, материалдар мен қосалқы бөлшектердің жеткілікті авариялық қоры қарастырылған.

Су тасқыны кезінде әуелік электр жеткізу желілерінің сенімді жұмысын қамтамасыз ету үшін қарқынды су басу учаскелерін бақылау үшін әуе желілерін айналып ұшу ұйымдастырылды.

KEGOC қосалқы станцияларында су деңгейі көтерілген жоқ. Қостанай облысында (Сарыбай ЖЭТ), Атырау облысында (Батыс ЖЭТ) және Павлодар облысында (Солтүстік ЖЭТ) KEGOC әуе желілерінің тіректерін 1 метрге дейін биіктікте ішінара су басты. Бүгінгі таңда KEGOC әуе желілерінің құлау және зақымдану қаупі жоқ. Су басуы мүмкін әуе желілерінде тәулік бойы бақылау ұйымдастырылды.

Қазіргі уақытта Атырау облысының Құлсары қаласында Компанияның 7 қызметкерінің үйін су басты. Қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері қауіпсіз жерге орналастырылды.

KEGOC басқа ұйымдардың объектілерінде су тасқынынан туындаған авариялық жағдайларды жоюға белсенді түрде атсалысып жатыр.

Су басу нәтижесінде Қостанай облысында «Костанайюжэлектросервис» КММ балансындағы 110 кВ әуе желілерінің тіректері құлады. «Сарыбай ЖЭТ» филиалы авариялық жағдайды жою үшін бригадалық машина, АГП-28 және 9 адамнан тұратын бригада бөлді. Жангелдин және Амангелді аудандарының тұтынушыларын электрмен жабдықтау қалпына келтірілді.

Ақтөбе облысында «Энергосистема» ЖШС балансындағы 110 кВ-тық желілерді жаппай су басу орын алды. «Ақтөбе ЖЭТ» филиалы көмек көрсету үшін тартқыш бөлді. Су тасқынының салдарын жою үшін филиал бригадалық машина, автокран және мұнара, сонымен қатар әуе желілеріне жақындау мүмкіндігі болған кезде 6 адамнан тұратын бригада бөлді.

Жаңа Өмір кентіндегі Батыс Қазақстан АЭЖК-ге тиесілі 35 кВ қосалқы станцияның суға кетуін болдырмау үшін «Ақтөбе ЖЭТ» филиалы қажетті құм мөлшерін жеткізіп, Ойыл ауданы әкімдігінің қызметкерлеріне қуаты 5 кВт болатын 2 дизель-генератор берді.

«Батыс ЖЭТ» филиалы экскаватор және жүкті өзі түсіретін машина сияқты арнайы техниканы жұмылдыра отырып, әкімдік бөлген учаскеде жұмыстар жүргізуде.

Сонымен қатар, «Ақтөбе ЖЭТ» филиалының қызметкерлері су тасқыны кезінде зардап шеккен Ақтөбе облысы Қобда ауданының тұрғындарына және Батыс Қазақстан облысының тұрғындарына ерікті көмек көрсетті.

«Алматы ЖЭТ» филиалының қызметкерлері Ақтөбе облысының тұрғындарына ерікті материалдық көмек көрсетті, ол жерге азық-түлік және төсек-орын жеткізілді.

Барлық электр желілік объектілердегі жағдай және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарымен айналысып жатқан қызметкерлердің жай-күйі «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының тұрақты бақылауында.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс