Баспасөз хабарламалары

«KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы 2021 жылғы 31 мамырда аралас дауыс беру нысанында өткізілетіні туралы

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «KEGOC» АҚ) (атқарушы органның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат) Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі шешіміне (№ 21 хаттама) сәйкес «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы (бұдан әрі – Акционерлердің жалпы жиналысы) аралас (күндізгі және сырттай) дауыс беру нысанын қолдана отырып шақырылатыны туралы хабарлайды.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақырудың бастамашысы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі болып табылады. 

Акционерлердің жалпы жиналысы Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат мекенжайы бойынша акт залында 2021 жылғы 31 мамырда 11 сағат 30 минутта өткізіледі. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу 2021 жылғы 31 мамырда 9 сағат 30 минуттан бастап 11 сағат 00 минутқа дейін жүргізіледі.  

Кворум болмаған жағдайда Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы 2021 жылғы 1 маусымда 11 сағат 30 минутта жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша қайтадан өткізіледі. Акционерлердің кезектен тыс қайталама жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу 2021 жылғы 1 маусымда 9 сағат 30 минуттан бастап 11 сағат 00 минутқа дейін жүргізіледі.  

Сырттай дауыс беру үшін бюллетендерді ұсынудың басталатын күні – 2021 жылғы 20 мамыр. 

Сырттай дауыс беру үшін бюллетендерді ұсынудың соңғы күні – 2021 жылғы 31 мамыр 11 сағат 00 минут.

Акционерлердің кезектен тыс қайталама жалпы жиналысын өткізген жағдайда сырттай дауыс беруге арналған бюллетендерді ұсынудың соңғы күні – 2021 жылғы 31 мамыр 11 сағат 00 минут.

Сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу күні – 2021 жылғы 31 мамыр. 

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлер тізімін жасайтын күн – 2021 жылғы 21 мамыр.  

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі жасалғаннан кейін осы тізімге енгізілген тұлға «KEGOC» АҚ-ның өзіне тиесілі дауыс беруші акцияларын иелігінен айырған болса, онда Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге ауысады. Бұл жағдайда жаңа акционер акцияларға иелік ету құқығын растайтын құжатты ұсынуы тиіс. 

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі:

«KEGOC» АҚ аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды және оның қызметіне ақы төлеу мөлшерін белгілеу туралы».

Акционерлер Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен 2021 жылғы 21 мамырынан бастап жұмыс күндері 10 сағат 00 минуттан бастап 17 сағат 00 минутқа дейін Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат мекенжайы бойынша 901, 917-қызметтік бөлмелерде, сонымен қатар «KEGOC» АҚ-ның www.kegoc.kz корпоративтік веб-сайтындағы «Инвесторлар мен акционерлерге» - «Ақпаратты ашу» - «Жалпы жиналыстар» - «2021» бөлімінде таныса алады.

Сырттай дауыс беруді өткізу тәртібі мен рәсімі:

  • бюллетенді сырттай дауыс беруге жіберу арқылы дауыс беретін акционерлер сырттай дауыс беру үшін тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда) /заңды тұлғаның атауын, дауыс беруші акциялардың санын көрсетуі және дауыс беру нұсқаларының бірін таңдауы тиіс;
  • сырттай дауыс беруге арналған бюллетенге жеке тұлға болып табылатын акционер жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді (жеке куәлік/төлқұжат нөмірін, берілген күнін, құжатты берген органды және жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) көрсете отырып, қол қоюы тиіс;
  • сырттай дауыс беруге арналған бюллетень «KEGOC» АҚ корпоративтік сайтындағы «Инвесторлар мен акционерлерге»/«Ақпаратты ашу»/«Жалпы жиналыстар» бөлімінде орналастырылған;
  • заңды тұлға болып табылатын акционердің сырттай дауыс беруіне арналған бюллетенге оның басшысы (немесе оны алмастырушы тұлға) қол қоюы және заңды тұлғаның мөрімен (болған жағдайда) куәландыруы тиіс;
  • жеке тұлға болып табылатын акционердің немесе заңды тұлға болып табылатын акционердің басшысының (немесе оны алмастырушы тұлғаның) қолы қойылмаған, сонымен қатар заңды тұлғаның мөрі (болған жағдайда) басылмаған бюллетень жарамсыз болып есептеледі;
  • бюллетеньде дауыс беру нұсқаларының бірі белгіленуі тиіс;
  • сырттай дауыс беруге арналған бюллетень Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат мекенжайында орналасқан «KEGOC» АҚ-ның кеңсесіне 2021 жылғы 31 мамыр 11 сағат 00 минутқа дейін почта арқылы немесе қолма қол жеткізілуі тиіс; 
  • бірінші жиналыста кворумның болмауына байланысты Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы қайтадан өткізілетін жағдайда сырттай дауыс беруге арналған бюллетень Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат мекенжайында орналасқан «KEGOC» АҚ кеңсесіне 2021 жылғы 31 мамыр 11 сағат 00 минутқа дейін почта арқылы жіберілуі немесе қолма-қол табыс етілуі тиіс;
  • бұған дейін сырттай дауыс беруге бюллетень жіберген акционер аралас дауыс беру нысанында өткізілетін Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысу және дауыс беру үшін келген болса, оның бюллетені Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының кворумын анықтау және күн тәртібі мәселелері бойынша берілген дауыстарды санау кезінде есепке алынбайды.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу тәртібі:

  • Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға және дауыс беруге құқығы бар тұлға Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы ашылғанға дейін осы хабарламада көрсетілген тәртіпте ресми тіркеуден өтуі тиіс;
  • тіркеуден өтпеген акционер (акционердің өкілі) кворумды анықтаған кезде есепке алынбайды және оның дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ; 
  • Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына тіркелу және қатысу үшін жеке тұлға болып табылатын акционердің өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс;
  • жеке тұлға болып табылатын акционерлердің өкілдері белгіленген тәртіпте ресімделген сенімхатты және өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы тиіс. Заңды тұлға болып табылатын акционерлердің өкілдері  акционер болып табылатын заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған сенімхатты және жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы тиіс. Өкіл сенімхаттың түпнұсқасын ұсынуы және оның көшірмесін тіркеушіге тапсыруы тиіс;
  • Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына заңды тұлға болып табылатын акционерлердің атынан олардың жеке-дара атқарушы органдары қатысатын болса, онда олар лауазымға сайлануы немесе тағайындалуы туралы құжаттарды, сонымен қатар жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуға міндетті;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе шартқа сәйкес акционердің атынан сенімхатсыз әрекет етуге немесе оның мүдделерін білдіруге құқығы бар тұлға үшін Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға және қаралатын мәселелер бойынша дауыс беруге сенімхат талап етілмейді;
  • күндізгі тәртіпте өткізілетін Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен басқасы белгіленбеген болса, акционерлер болып табылмайтын басқа тұлғалар Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының отырысына шақырусыз қатыса алмайды;
  • Акционерлердiң кезектен тыс жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу аяқталған сәтте жинақтап алғанда «KEGOC» АҚ дауыс беруші акцияларының елу және одан көп пайызына иелік ететін акционерлер және/немесе олардың өкілдері, соның ішінде сырттай дауыс беруге бюллетендер жіберген акционерлер тіркелген болса, Акционерлердiң кезектен тыс жалпы жиналысы күн тәртібінің мәселелерін қарауға және олар бойынша шешім қабылдауға құқылы. 

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу тәртібі бойынша басқа да мәселелер «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңында, «KEGOC» АҚ Жарғысы мен «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысы туралы ережеде белгіленген.  

Жиналыс «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 35-52-баптарына сәйкес өткізіледі.

Материалдар бойынша, сонымен қатар Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу бойынша сұрақтарға жұмыс уақытында +7 (7172) 690 298, 690 297 телефондарына хабарласу арқылы немесе Компаинияның  Kegoc@kegoc.kz электрондық мекенжайына сауал жолдау арқылы жауап алуға болады. 


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс