Баспасөз хабарламалары

«KEGOC» АҚ Атырау мен Маңғыстау облыстарындағы өз желілерінде қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады

«KEGOC» АҚ Атырау мен Маңғыстау облыстарындағы желілерінде қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады. Биылғы жылғы қаңтар айының 10-ы мен 11-інде бірқатар тұтынушылар электр энергиясынан ажыратылған болатын. 

2021 жылғы қаңтар айының 10-ы мен 11-інде ауа райының күрт нашарлауы салдарынан компанияның өңірлік желілері мен қосалқы станцияларындағы жабдықтар мен жекелеген әуе желілері ажыратылған болатын, нәтижесінде Атырау мен Маңғыстау облыстарындағы бірқатар тұтынушылар электр энергиясынсыз қалды.

Жоғары вольттық жабдықтардың қатқақ мұз, қар және жоғары ылғалдылық салдарынан қатты тәжденуіне қарамастан, «KEGOC» АҚ персоналы қалпына келтіру бойынша кешенді жұмыстарды толығымен жүргізді. Қазіргі уақытта электр желісінің қалыпты кестесі толығымен қалпына келтіріліп, Атырау мен Маңғыстау облыстары БЭЖ-бен үйлестірілді. Аталған жағдай туындаған сәттен бастап тұтынушыларды электрмен жабдықтау жұмыстары бір сағат пен тоғыз сағат аралығында толық қалпына келтірілді.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс