Баспасөз хабарламалары

«KEGOC» АҚ Атырау мен Маңғыстау облыстарында электрмен жабдықтау жұмысын штаттық режимге келтірді

2021 жылғы қаңтардың 15-і күні астана уақыты бойынша сағат 17:34-те Атырау облысында ауа райының күрт өзгеруі салдарынан 220 кВ «Атырау-Құлсары» әуе желісі (2025-Ж) ажыратылып, Атырау мен Маңғыстау облыстарының бір бөлігі БЭЖ-ден оқшауланған жұмысқа бөлінді. Осы аралықта 242 МВт жиынтық жүктемемен Қарабатан ГТЭС-і ажыратылды, бұл жиіліктің күрт төмендеуіне әкелді.

Жиіліктің төмендеуінің алдын алатын автоматика іске қосылып, 150 МВт көлемінде тұтынушылар (оның ішінде Атырау облысында – 60 МВт, Маңғыстау облысында – 90 МВт) электр қуатынан ажыратылды. Сағат 18:07-де МАЭК ЖЭС-3-те қуаты 200 МВт блокты іске қосуға команда берілді.

Атырау облысының тарату құрылғыларындағы жоғары вольттық жабдықтардың мұзданудан қатты тәжденуі технологиялық бұзылыстарды жоюды қиындатты.

Қазіргі уақытта Атырау мен Маңғыстау облыстары бойынша барлық шектеулер толығымен алынып тасталды. Тұтынушыларды электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілді.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс