БАҚ біз туралы

KEGOC Батыс Қазақстанның электр желілерін күшейтіп жатыр

«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Қаныш Молдабаев Қазақстанның Батыс өңіріндегі электр желілік нысандардың құрылысы барысымен танысты.

Атырау қаласындағы іс-сапар барысында қайта жөндеуден өткен «Индер» қосалқы станциясын және жаңадан салынып жатқан «Қарабатан» тарату қосалқы станциясы аралады. Аталған нысандар  «KEGOC» АҚ-ның «Қазақстан БЭЖ Батыс аймағының электр желісін күшейту. Электр желілік объектілерді салу» жобасының шеңберінде жүзеге асырылуда. Жалпы құны 54,138 млрд. теңгені құрайтын жоба компанияның меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылуда.

Жоба қолданыстағы қосалқы станцияларға және жаңадан салынып жатқан «Қарабатан» тарату қосалқы станциясы қосатын ұзындығы 779,7 шақырым болатын 220 киловольт «Орал – Правобережная – Индер – Қарабатан – Құлсары – Теңіз» транзитінің екінші тізбегінің электр желілік нысандарын салуды көздейді.

Қазіргі уақытта 220 кВ «Орал – Правобережная – Индер – Қарабатан – Құлсары – Теңіз» ӘЖ барлық бес учаскесінде және 220 кВ «Орал», «Правобережная», «Құлсары», «Индер», «Теңіз» бес қосалқы станциясында, сондай – ақ «Қарабатан» тарату қосалқы станциясы құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Тіректерді орнату бойынша жұмыстар 71,5%-ға орындалды, желілердің жалпы ұзындығының 42,9% көлеміндегі сым тартылды.

Жұмыстар ағымдағы 2023 жылы аяқталуы тиіс. Жобаны іске асыру республиканың батыс облыстары арасында 220 киловольт электр желілерін күшейту есебінен қолданыстағы транзиттің өткізу қабілетін және Қазақстанның БЭЖ Батыс аймағының тұтынушыларын электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жобаның әлеуметтік маңызына тоқталатын болсақ, құрылыс жұмыстарына 205 жұмыскер қатыстырылуда, ал пайдалануға берілгеннен кейін 23 адам тұрақты жұмысқа орналастырылады. Сонымен қатар, құрылыс кезінде отандық өндірістің материалдары мен жабдықтары кеңінен пайдаланылуда.

https://sknews.kz/news/view/kegoc-batys-kazakstannyn-elektr-ghelilerin-kysheytip-ghatyr

 

 

 


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс