БАҚ біз туралы

KEGOC пен CEIG электр энергетикасын дамытудағы ынтымақтастықты күшейтеді

KEGOC басшысы Нәби Айтжанов China Energy International Group өкілдерімен кездесті.

KEGOC-та China Energy International Group Қытай өнеркәсіптік корпорациясымен электр энергетикасын дамыту саласындағы ынтымақтастық бағыттарын талқылау бойынша кездесу өтті. Кездесуде шетелдік сарапшылар электр желілері, жоғары вольтты электр жеткізу және қосалқы станцияларды дамыту жобаларын іске асыру тәжірибесі туралы айтты.

Тараптар өзара ынтымақтастық және Қазақстан ҰЭТ-ты дамыту пайымының тұжырымдамасын бірлесе әзірлеу, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жайында уағдаласты.

https://sknews.kz/news/view/kegoc-pen-ceig-elektr-energetikasyn-damytudagy-yntymaktastykty-kysheytedi#gallery-2


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс