Баспасөз хабарламалары

Еліміздің оңтүстігінде электр энергиясының өшуі Шығыс Қазақстандағы ауа райының қолайсыздығы салдарынан орын алды

2021 жылғы 9 шілдеде сағат 17:38-де Қазақстанның шығыс және орталық бөліктерінде найзағайлы жаңбыр мен қатты желдің салдарынан релелік қорғаныс және аварияға қарсы автоматиканың әрекетімен 500 кВ бірқатар әуе желілері (ӘЖ) ажыратылды, атап айтқанда – «Семей-Ақтоғай», «Ақадыр-ОҚМАЭС», сондай-ақ «ГПП-1 – Қызылорда» 220 кВ әуе желілері.

Нәтижесінде Қазақстан БЭЖ-і мен Орталық Азия БЭЖ-нің оңтүстік аймағы жиілігі 47,99 Гц-ке дейін төмендеген БЭЖ-ден оқшауланған жұмысқа бөлінді.

18:21-де электр желісінің бастапқы кестесі қалпына келтірілді. Тұтынушыларды электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілді.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс