Баспасөз хабарламалары

«KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы 2021 жылғы 29 қазанда сырттай дауыс беру нысанында өткізілетіні туралы ХАБАРЛАМА

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «KEGOC» АҚ) (атқарушы органның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат) Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 24 қыркүйектегі шешіміне (№ 10 хаттама) сәйкес «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы (бұдан әрі – Акционерлердің жалпы жиналысы) сырттай дауыс беру нысанын қолдана отырып шақырылатыны туралы хабарлайды.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақырудың бастамашысы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі болып табылады.

Сырттай дауыс беру үшін бюллетендерді ұсынудың басталатын күні – 2021 жылғы 19 қазан.

Сырттай дауыс беру үшін бюллетендерді ұсынудың соңғы күні – 2021 жылғы 28 қазан.

Сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу күні - 2021 жылғы 29 қазан.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлер тізімін жасайтын күн – 2021 жылғы 18 қазан.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі жасалғаннан кейін осы тізімге енгізілген тұлға «KEGOC» АҚ-ның өзіне тиесілі дауыс беруші акцияларын иелігінен айырған болса, онда Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге ауысады. Бұл жағдайда жаңа акционер акцияларға иелік ету құқығын растайтын құжатты ұсынуы тиіс.

 

Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі:

«2021 жылғы 30 маусымдағы және сол күнмен аяқталған алты айдағы жай-күй бойынша және сол күні аяқталған алты айдағы жарты жылдық қаржылық есептемесін, таза кірісті бөлу тәртібін бекіту, 2021 жылғы бірінші жарты жылдық үшін жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және «KEGOC» АҚ бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшерін бекіту туралы».

Акционерлер Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен 2021 жылғы 19 қазаннан бастап «KEGOC» АҚ-ның www.kegoc.kz корпоративтік веб-сайтындағы «Инвесторлар мен акционерлерге» - «Ақпаратты ашу» - «Жалпы жиналыстар» бөлімінде таныса алады.  

 

Сырттай дауыс беруді өткізу тәртібі мен рәсімі:

- бюллетенді сырттай дауыс беруге жіберу арқылы дауыс беретін акционерлер сырттай дауыс беру үшін тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда) /заңды тұлғаның атауын, дауыс беруші акциялардың санын көрсетуі және дауыс беру нұсқаларының бірін таңдауы тиіс;

- сырттай дауыс беруге арналған бюллетенге жеке тұлға болып табылатын акционер (акционердің өкілі – жеке тұлға) жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсете отырып, қол қоюы тиіс;

- сырттай дауыс беруге арналған бюллетень «KEGOC» АҚ корпоративтік сайтындағы «Инвесторлар мен акционерлерге»/«Ақпаратты ашу»/«Жалпы жиналыстар» бөлімінде орналастырылған;

    - заңды тұлға болып табылатын акционердің сырттай дауыс беруіне арналған бюллетенге оның басшысы (немесе оны алмастырушы тұлға) қол қоюы және заңды тұлғаның мөрімен (болған жағдайда) куәландыруы тиіс. Акционердің өкілі сырттай дауыс беруге арналған бюллетенге қол қойған жағдайда, сырттай дауыс беруге арналған бюллетенге акционер өкілінің өкілеттігін растайтын сенімхаттың немесе өзге де құжаттың көшірмесі қоса беріледі;

- жеке тұлға болып табылатын акционердің немесе заңды тұлға болып табылатын акционердің басшысының (немесе оны алмастырушы тұлғаның) қолы қойылмаған, сонымен қатар заңды тұлғаның мөрі (болған жағдайда) басылмаған бюллетень жарамсыз болып есептеледі;

- бюллетенде дауыс беру нұсқаларының бірі белгіленуі тиіс;

- сырттай дауыс беруге арналған бюллетень Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат мекенжайында орналасқан «KEGOC» АҚ-ның кеңсесіне 2021 жылғы қазанның 19-ынан бастап 28-ін қоса алғанда почта (kegoc@kegoc.kz) арқылы немесе қолма қол жеткізілуі тиіс.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу тәртібі бойынша басқа да мәселелер «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңында, «KEGOC» АҚ Жарғысы мен «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысы туралы ережеде белгіленген.

Жиналыс «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 35-52-баптарына сәйкес өткізіледі.

Материалдар бойынша, сонымен қатар Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу бойынша сұрақтарға жұмыс уақытында +7 (7172) 690 298, 690 297 телефондарына хабарласу арқылы немесе «KEGOC» АҚ www.kegoc.kz веб-сайтындағы «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының блогына сауал жолдау арқылы жауап алуға болады.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс