Баспасөз хабарламалары

14.10.2021 ж. шектеулер бойынша ақпараттық хабарлама

2021 жылғы 14 қазанда бірнеше сағаттық аралықпен Екібастұз МАЭС-1 және Екібастұз МАЭС-2-де қуаты 500 МВт-тық ірі энергия блоктары авариялық түрде ажыратылды. Сондай-ақ, «ЕЭК» АҚ электр станциясындағы қазандық генерациясының көлемі 150 МВт-қа төмендей отырып, авариялық түрде тоқтатылды.

Осылайша, жоғарыда аталған үш электр станцияларындағы генерацияның жиынтық авариялық төмендеу көлемі 1000 МВт-тан асты.

Қазіргі уақытта болып жатқан қуат тапшылығы жағдайында электр станцияларындағы бұл авариялық ажыратулар аварияның жүйелі түрде туындау қауіпін тудыра отырып, мемлекетаралық электр жеткізу желілерінің шамадан тыс жүктелуіне, Ресей энергия жүйесімен арадағы шекарада рұқсат етілмейтін қуат ауытқуларының орын алуына әкеледі.

Аварияны болдырмау және энергия жүйесіндегі генерацияның төмендеу салдарын барынша азайту үшін «KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің келісімімен жоспардан тыс тұтынуды жүзеге асыратын тұтынушылардың электр энергиясын тұтынуын шектеді. Шектеулер жергілікті атқарушы органдармен келісілген кестелер бойынша енгізілді.

 

«KEGOC» АҚ

 


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс