Баспасөз хабарламалары

Шығыс Қазақстан облысында тұтынушыларды ажыратуға қатысты ақпараттық хабарлама

«KEGOC» АҚ Шығыс Қазақстан облысын электр энергиясымен қамтамасыз ететін «Шығысэнерготрейд» ЖШС-ның қуаттың нормативтен тыс (рұқсат етілген мәні 30 МВт болған кезде 110 МВт дейін) тұтынуына жол беріп отырғандығын хабарлайды.

Жасалған келісім-шарттарда көзделмеген электр энергиясы мен қуатын жоспардан тыс тұтынуды болдырмау мақсатында «KEGOC» AҚ «БЭСК» АҚ-ға (бұрынғы «ШҚ ӨЭК» АҚ) рұқсат етілген шамадан тыс қуатты тұтынуға жол бермеу туралы команда берді.

«KEGOC» АҚ, өз желілерінде тұтынушыларды шектеуді енгізу туралы шешім қабылдаған кезде «БЭСК» АҚ олардың атаулылықтарын өз бетінше белгілейтіндігін атап өтеді. Бұл ретте өмірлік маңызы бар объектілер мен 1-санатты тұтынушыларды ажыратуға мүлдем жол берілмейді.

 

«KEGOC» АҚ



Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс