Баспасөз хабарламалары

KEGOC-тың жобасы Ұлттық жобалық басқару конкурсында екінші орын алды

KEGOC «Аварияға қарсы автоматиканың орталықтандырылған жүйесін енгізу» (ААОЖ), «Жиілік пен қуатты автоматты реттеу жүйесін енгізу» (ЖҚАР) және «Синхрофазорлық технологиялар (WAMS/WACS) негізінде мониторингілеу және басқару жүйесін енгізу» үш құрамдауышы бойынша іске асырылатын «Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің режимдерін басқаруды автоматтандыру» жобасымен екінші «Qazaqstan Project Management Awards-2021» ұлттық конкурсына қатысты.

Процестік басқару және цифрлық трансформациялау департаментінің жобалық топпен бірлесіп жасаған жобаның негізгі параметрлері мен нәтижелері туралы толық есебі, жоба туралы таныстырылымы мен бейне таныстыруына қазылар алқасы мен конкурс бағалаушылары жоғары баға берді.

Жобаларды басқару жөніндегі конкурс мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлар, үкіметтік емес ұйымдар, шағын және орта бизнес субъектілері мен жоғары оқу орындары арасында өткізіліп, кәсіби мамандарды, практиктерді, мемлекеттік ұйымдардың, компаниялардың менеджерлері мен өкілдерін, жетекші ғалымдарды, оқытушыларды, профессорлар мен студенттерді, түрлі секторлар мен кәсіптер өкілдерін, ҮЕҰ және БАҚ-ты біріктіреді.

Ағымдағы жылы конкурсқа қатысу үшін 300 өтінім ұсынылды. Квазимемлекеттік секторда «Жылдың үздік жобасы 2021» номинациясы бойынша екінші орын «KEGOC» АҚ-ның жобасына берілді. Жобаларды іріктеу нәтижелері «QazPMA-2021» форумы аясында жарияланды. Форумда жобалық басқару саласындағы жетекші сарапшылар мен кәсіби бизнес-тренерлердің шеберлік дәрістері өткізілді. Панельдік сессияда қатысушылар жобалық менеджментті дамытудың заманауи сын-тегеуріндері мен үздік тәжірибелерін талқылады.

Бұдан басқа сарапшылар қоғамдастығы ПБЦТД Өзгерістерді басқару блогының басшысы Айгүл Байтұрованың өзгерістердің адамдарға қатысты жағымен жұмыс істеу қажеттілігі туралы, атап айтқанда, мүдделі тұлғаларды, оның ішінде жобалардың нәтижелерін жақсарту үшін демеушілерді көбірек жұмылдыру үшін PROSCI әдіснамасы бойынша ADKAR моделін қолдану туралы ұсыныстарын қабылдады.

Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылардың ұсыныстары мен ұсынымдары елдің Ұлттық жобаларын іске асыру кезінде жобалық тәсілді енгізу процестерін жақсарту үшін қарар жобасына енгізілді.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс