Баспасөз хабарламалары

«KEGOC» АҚ «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС-ны мемлекеттің меншігіне берді

2021 жылғы 30 желтоқсанда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 24 қыркүйектегі шешіміне сәйкес «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС-ның «KEGOC» АҚ-ға тиесілі 100% үлесі мемлекеттің меншігіне өтеусіз берілді. Бұл үлес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне сыйға тарту шарты негізінде табыс етілді.

Осылайша, Қаржы-есеп айырысу орталығы мемлекет меншігіне тегін берілді.

 

АНЫҚТАМА:

«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС-ны Жүйелік оператор «KEGOC» АҚ «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 шілдедегі № 165-IV Заңына сәйкес құрды.

«Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС Жарғыға сай мынадай қызмет түрлерін көрсетеді:

- тұтынушыға электр энергиясын сату (жаңартылатын энергия көздерін пайдаланушы объектілер өндірген және Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің электр желілеріне жіберген электр энергиясын орталықтан сатып алу және сату);

- электр қуатының жүктемені көтеруге дайындығын қамтамасыз ету;

- электр энергиясының теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеу.

 

«KEGOC» АҚ


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс