Баспасөз хабарламалары

Акционерлерге назар аудару!

«KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын 2022 жылғы 10 наурызда өткізу туралы

ХАБАРЛАМА

 

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамы (бұдан әрі –«KEGOC» АҚ) (атқарушы органның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат.) «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 1 ақпандағы шешіміне (№1 хаттама) сәйкес «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын (бұдан әрі – Акционерлердің жалпы жиналысы) шақыру туралы хабарлайды.

Акционерлердің жалпы жиналысын шақырудың бастамашысы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі болып табылады.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы 2022 жылғы «10» наурызда 11 сағат 30 минутта мына мекенжай бойынша өтеді: Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат, акті залы.

Акционерлердің жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу 2022 жылғы 10 наурызда 9 сағат 30 минуттан 11 сағат 00 минутқа дейін жүргізіледі.

Кворум болмаған жағдайда Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы 2022 жылғы 11 наурызда 11 сағат 30 минутта жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша қайтадан өткізіледі.

Акционерлердің кезектен тыс қайталама жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу 2022 жылғы 11 наурызда 9 сағат 30 минуттан 11 сағат 00 минутқа дейін жүргізіледі.

Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі жасалған күн-2022 жылғы 1 наурыз.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі жасалғаннан кейін осы тізімге енгізілген тұлға «KEGOC» АҚ-ның өзіне тиесілі дауыс беруші акцияларын иелігінен айырған болса, онда Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге ауысады. Бұл жағдайда жаңа акционер акцияларға иелік ету құқығын растайтын құжатты ұсынуы тиіс.

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі Акционерлердің жалпы жиналысының алдын ала мынадай күн тәртібін қалыптастырды:

1) «KEGOC» АҚ қаржы тұрақтылығы коэффициенттерінің шекті және нысаналы мәндерін белгілеу туралы»;

2) П KEGOC ИД-215-19-ОСА «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеге» өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;

3) ПР KEGOC ИД-351-21-ОСА «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің құрамын қалыптастыру, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу мен шығыстарын өтеуді белгілеу қағидасын» бекіту туралы.

Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен акционерлер 2022 жылғы 25 ақпаннан бастап жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін мына мекенжай бойынша таныса алады: Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат, 901, 917 -қызметтік бөлмелерде, сонымен қатар «KEGOC» АҚ-ның www.kegoc.kz корпоративтік веб-сайтындағы «Инвесторлар мен акционерлерге» - «Ақпаратты ашу» - «Жалпы жиналыстар» бөлімінде таныса алады.

 

Өткізу тәртібі:

- Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға және дауыс беруге құқығы бар тұлға Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы ашылғанға дейін осы хабарламада көрсетілген тәртіпте ресми тіркеуден өтуі тиіс;

- тіркеуден өтпеген акционер (акционердің өкілі) кворумды анықтаған кезде есепке алынбайды және оның дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ;

- Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына тіркелу және қатысу үшін жеке тұлға болып табылатын акционердің өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс;

- жеке тұлға болып табылатын акционерлердің өкілдері белгіленген тәртіпте ресімделген сенімхатты және өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы тиіс. Заңды тұлға болып табылатын акционерлердің өкілдері акционер болып табылатын заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған сенімхатты және жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы тиіс. Өкіл сенімхаттың түпнұсқасын ұсынуы және оның көшірмесін тіркеушіге тапсыруы тиіс;

- Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына заңды тұлға болып табылатын акционерлердің атынан олардың жеке-дара атқарушы органдары қатысатын болса, онда олар лауазымға сайлануы немесе тағайындалуы туралы құжаттарды, сонымен қатар жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуға міндетті;

- Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе шартқа сәйкес акционердің атынан сенімхатсыз әрекет етуге немесе оның мүдделерін білдіруге құқығы бар тұлға үшін Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға және қаралатын мәселелер бойынша дауыс беруге сенімхат талап етілмейді;

- егер акционерлердің қатысу тәртібімен өткізілетін Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен басқасы белгіленбеген болса, акционерлер болып табылмайтын басқа тұлғалар Акционерлердің жалпы жиналысының отырысына шақырусыз қатыса алмайды;

- Акционерлердiң кезектен тыс жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу аяқталған сәтте жинақтап алғанда «KEGOC» АҚ дауыс беруші акцияларының елу және одан көп пайызына иелік ететін акционерлер және/немесе олардың өкілдері, соның ішінде сырттай дауыс беруге бюллетендер жіберген акционерлер тіркелген болса, Акционерлердiң кезектен тыс жалпы жиналысы күн тәртібінің мәселелерін қарауға және олар бойынша шешім қабылдауға құқылы.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу тәртібі бойынша басқа да мәселелер «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңында, «KEGOC» АҚ Жарғысы мен «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысы туралы ережеде белгіленген.

Жиналыс «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-37, 39-48, 50-52-баптарына сәйкес өткізіледі.

Материалдар бойынша, сонымен қатар Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу бойынша сұрақтарға жұмыс уақытында +7 (7172) 690 298, 690 297 телефондарына хабарласу арқылы немесе «KEGOC» АҚ www.kegoc.kz веб-сайтындағы «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының блогына сауал жолдау арқылы жауап алуға болады.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс