Баспасөз хабарламалары

«KEGOC» АҚ-да 2021 жылғы жұмыс қорытындысын шығарды және 2022 жылға арналған міндеттерді айқындады

     11 наурызда «KEGOC» АҚ-да бірiнші басшы Қаныш Молдабаевтың төрағалығымен кеңес өткізіліп, компанияның 2021 жылғы жұмысының қорытындылары шығарылып, 2022 жылға арналған міндеттері айқынд
алды.

     Кеңеске KEGOC басқарушы директорлары, «ЖЭТ» филиалдарының директорлары, атқарушы дирекцияның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты. Іс-шара барысында 2021 жылғы өндірістік-шаруашылық нәтижелері айтылды, компанияның әлеуметтік тұрақтылығын сақтау және «Самұрық-Қазына» АҚ реформалау жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі шаралар талқыланды. Компания желілердің өткізу қабілетін арттыру үшін электржелілік активтерді салу және реконструкциялау бойынша инвестициялық жобаларды іске асыруды жалғастырғаны атап өтілді.

     Сондай-ақ, компания филиалдарының директорлары шаруашылық қызметінің нәтижелері және есепті кезеңде қойылған жоспарларды іске асыру туралы есептерді ұсынды.      Кездесу қорытындысы бойынша Қаныш Молдабаев компанияның қалыпты қызметін қамтамасыз ету, алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық бойынша сапалы жөндеу компаниясын өткізу үшін қажетті уақтылы сатып алу және жеткізу, сондай-ақ KEGOC инвестициялық қызметін іске асыру бойынша нақты міндеттер қойды.


Жедел желі

Кері байланыс

Көмекші