«KEGOC» АҚ «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) жыл сайын өткізетін конкурстың жүлдегері атанды және өзі және өз қызметі туралы ақпаратты ашу бөлігінде бағалы қағаздар нарығында іскерлік мінез-құлықтың ең үздік үлгілерін көрсететін компания ретінде дипломмен марапатталды.
Сондай-ақ Компанияның жылдық есебі PwC Kazakhstan жасаған ақпаратты ашу рейтингінде қазақстандық және шетелдік компаниялардың 94 есебінің ішінен 4-ші орынға ие болды және «ESG-ақпаратты ашудың үздік тәжірибесі» дипломымен марапатталды.
Бұл марапаттар Жылдық есепте ақпаратты ашу сапасын әлемдік стандарттарға сәйкес жетілдіру процесінің нәтижесі болып табылады.