Баспасөз хабарламалары

«KEGOC» АҚ ұжымы Наурыз мейрамын кең көлемде атап өтті

 

       18 наурыз күні таңертеңгілік уақытта «KEGOC» АҚ орталық кеңсесіне жұмысқа келген барлық қызметкерлерді ыстық бауырсақтар мен ұзынсарыға сақталған сары қымыз күтіп тұрды. Алғашқы мерекелік дастархан Релелік қорғау және қосалқы станцияларды автоматтандыру департаменті қызметкерлерінің бастамасымен әзірленді.
       Жалпы, осы күні ұлттық тағамдарды әзірлеу және қонақтарды қарсы алу дәстүрін көрсетуге компания ұжымының барлық қызметкерлері белсене қатысты. Халықтық мереке қарсаңында KEGOC-та «Үздік ұлттық дастархан» байқауы өтті, оған 9 команда қатысты. Олардың құрамында атқарушы дирекция, елордада орналасқан филиалдар, сондай-ақ еншілес ұйымдар қызметкерлері бар.
       Сонымен қатар, қазылар алқасы «Үздік ұлттық киім» және «Үздік музыкалық қойылым» аталымдары бойынша қызметкерлердің көпшілік ортаға салған өнерлері мен ұлттық стильдегі киімдерін лайықты бағалады.
       Байқау нәтижесінде жеңімпаздарға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
       Шығармашылық байқау, музыкалық қойылымдар және мерекелік ұлттық тағамдарға самсаған дастархан көптің көңілінен шықты. Мәдени мәні зор бағдарлдама өте көңілді өтті және халықтық мерекенің қарсаңында қызметкерлерге жағымды эмоциялар мен жақсы көңіл-күй сыйлады.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс