Баспасөз хабарламалары

Алаяқтардың «KEGOC» АҚ атынан сауалнама жүргізген фишингтік сілтемені таратуы туралы ескерту

2022 жылғы 11 сәуірде интернет желісінде алаяқтардың «KEGOC» АҚ тарапынан жүргізілген сауалнама арқылы фишингтік сілтемені таратқаны байқалып отыр: http://obsesssanitation.top/kegoc/tb.php?hburugsd1649651010510. Бұл ретте күдікті сайт мұқият рәсімделген: логотип, ресми сайттан алынған фотосуреттер және интернет қолданушылардың жалған пікірлері, сондай-ақ олардың техникалық қолдау қызметіне қойған сұрақтары бар.

«KEGOC» АҚ көрсетілген сілтеме бойынша ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды және қауіпсіздік мақсатында интернет қолданушыларын сілтемеге мән бермеуді, жеке мәліметтер мен құпия ақпараттарды көрсетпеуді сұрайды.

Компанияның ақпараттары тек ресми веб-сайтында (www.kegoc.kz) және әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында (www.facebook.com/KegocJsc, www.instagram.com/kegocofficial/) орналастырылатынына назар аударамыз.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс