Баспасөз хабарламалары

Қазақстанның Ұлттық электр торабын түбегейлі жаңғырту күтіледі

Еліміздің Энергетика министрлігі Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) 2035 жылға дейінгі электр энергиясы мен қуатының болжамды теңгерімін бекіткен болатын. Қазақстан Республикасының БЭЖ-інде перспективалы энергия тұтынуды өтеу үшін 2035 жылға қарай шамамен 17,5 ГВт жаңа генерациялайтын қуаттарды енгізу жоспарлануда. Олардың құрылымы әртүрлі технологиялар және оларды орналастыру орындарымен көрсетілген.

Осыған орай «KEGOC» АҚ Ұлттық электр торабын дамытудың болжамды моделін әзірлеуге кіріскенін хабарлайды.

Ұлттық электр торабын ауқымды жаңғырту электр энергиясының қажетті өңіраралық және мемлекетаралық ағындарын қамтамасыз ете отырып, жаңа генерацялайтын қуаттарды іске қосумен үйлестірілуі тиіс.

Ұлттық электр торабының болашақ конфигурациясы Smart Grid заманауи технологияларын пайдалана отырып, Батыс энергетика аймағын Қазақстанның БЭЖ-імен біріктіруге, қажет болған жағдайда Орталық Азияның Біріккен энергия жүйесінен бөлек жұмыс істеу мүмкіндігімен Оңтүстік энергетика аймағын күшейтуге, қажетті желілік инфрақұрылымды салу және энергияны шоғырландыру жүйелерін енгізу арқылы Жоңғар қақпасы мен Шелек дәлізінің бірегей жел әлеуетін қоса алғанда, энергия теңгеріміне елдің батыс, шығыс және оңтүстік өңірлерінің жаңартылатын энергия көздерін кең ауқымды тартуға жағдай жасай отырып, елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс