Баспасөз хабарламалары

Акционерлерге назар аудару!

«KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы

2022 жылғы 26 мамырда өткізілетіні туралы

ХАБАРЛАМА

 

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «KEGOC» АҚ) (атқарушы органның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат) «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі шешіміне (№ 4 хаттама) сәйкес «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы шақырылатыны туралы хабарлайды.

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысын шақырудың бастамашысы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі болып табылады

Акционерлердің жалпы жиналысы Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат мекенжайы бойынша акт залында 2022 жылғы 26 мамырда 11 сағат 30 минутта өткізіледі.

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу 2022 жылғы 26 мамырда 9 сағат 30 минуттан бастап 11 сағат 00 минутқа дейін жүргізіледі.

Кворум болмаған жағдайда Акционерлердің жалпы жиналысы 2022 жылғы 27 мамырда 11 сағат 30 минутта жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша қайтадан өткізіледі.

Акционерлердің қайталама жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу 2022 жылғы 27 мамырда 9 сағат 30 минуттан бастап 11 сағат 00 минутқа дейін жүргізіледі.

Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлер тізімін жасайтын күн – 2022 жылғы 11 мамыр.

Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі жасалғаннан кейін осы тізімге енгізілген тұлға «KEGOC» АҚ-ның өзіне тиесілі дауыс беруші акцияларын иелігінен айырған болса, онда Акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге ауысады. Бұл жағдайда жаңа акционер акцияларға иелік ету құқығын растайтын құжатты ұсынуы тиіс.

Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі:

1.   «KEGOC» АҚ 2021 жылға арналған жылдық қаржылық есептемесін, таза кірісін бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу және бір жай акциясына есептегендегі дивидендтер мөлшерін бекіту туралы;

2.   «KEGOC» АҚ Есеп комиссиясының құрамы туралы;

3.   «KEGOC» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне акционерлердің өтініш білдіруі және оларды қарау қорытындылары туралы.

Акционерлер Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен 2022 жылғы 16 мамырдан бастап жұмыс күндері 10 сағат 00 минуттан бастап 17 сағат 00 минутқа дейін Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат мекенжайы бойынша 901, 917-қызметтік бөлмелерде, сонымен қатар «KEGOC» АҚ-ның www.kegoc.kz корпоративтік веб-сайтындағы «Инвесторлар мен акционерлерге» - «Ақпаратты ашу» - «Жалпы жиналыстар»-«2022» бөлімінде таныса алады.  

 

Өткізу тәртібі:

- Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және дауыс беруге құқығы бар тұлға Акционерлердің жалпы жиналысы ашылғанға дейін осы хабарламада көрсетілген тәртіпте ресми тіркеуден өтуі тиіс;

- тіркеуден өтпеген акционер (акционердің өкілі) кворумды анықтаған кезде есепке алынбайды және оның дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ;

- Акционерлердің жалпы жиналысына тіркелу және қатысу үшін жеке тұлға болып табылатын акционердің өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс;

- жеке тұлға болып табылатын акционерлердің өкілдері белгіленген тәртіпте ресімделген сенімхатты және өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы тиіс. Заңды тұлға болып табылатын акционерлердің өкілдері акционер болып табылатын заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған сенімхатты және жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы тиіс. Өкіл сенімхаттың түпнұсқасын ұсынуы және оның көшірмесін тіркеушіге тапсыруы тиіс;

- Акционерлердің жалпы жиналысына заңды тұлға болып табылатын акционерлердің атынан олардың жеке-дара атқарушы органдары қатысатын болса, онда олар лауазымға сайлануы немесе тағайындалуы туралы құжаттарды, сонымен қатар жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуға міндетті;

- Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе шартқа сәйкес акционердің атынан сенімхатсыз әрекет етуге немесе оның мүдделерін білдіруге құқығы бар тұлға үшін Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және қаралатын мәселелер бойынша дауыс беруге сенімхат талап етілмейді;

- күндізгі тәртіпте өткізілетін Акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен басқасы белгіленбеген болса, акционерлер болып табылмайтын басқа тұлғалар Акционерлердің жалпы жиналысының отырысына шақырусыз қатыса алмайды;

- Акционерлердiң жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу аяқталған сәтте жинақтап алғанда «KEGOC» АҚ дауыс беруші акцияларының елу және одан көп пайызына иелік ететін акционерлер және/немесе олардың өкілдері, соның ішінде сырттай дауыс беруге бюллетендер жіберген акционерлер тіркелген болса, Акционерлердiң жалпы жиналысы күн тәртібінің мәселелерін қарауға және олар бойынша шешім қабылдауға құқылы.

Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу тәртібі бойынша басқа да мәселелер «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңында, «KEGOC» АҚ Жарғысы мен «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысы туралы ережеде белгіленген.

Жиналыс «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 35-37, 39-48, 50-52 -баптарына сәйкес өткізіледі.

Материалдар бойынша, сонымен қатар Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу бойынша сұрақтарға жұмыс уақытында +7 (7172) 690 298, 690 297 телефондарына хабарласу арқылы немесе Imyatov@kegoc.kz. электрондық мекенжайына сауал жолдау арқылы жауап алуға болады.

 

 



Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс